Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Елде киік көбейді деген әңгіме қайтадан айтылып жатыр

undefined

Фото: azattyq.org

Батыс жақтан "Ойбай, киік қаптады! Шөпті жеп қойды! Малды қайда жаямыз?" деген байбалам тағы шықты! Бетпақта да кезінде киік саны үш миллионға жеткен. Ол кезде қойдың саны қазіргіден 5-6 есе көп еді. Өмірінің жартысына жуығын Бетпақта мал баққан қойшының бірінен "Бетпақтың аз шөбі сол кезде киік пен қойға қалай жеткен?" деп сұрадым. "Ақбөкен шөптің басын ғана үзіп жейді. Ал қой болсе, түбінен жейді. Оның үстіне киік малы шөпті таптап тастайтындай бір жерде жатып жайылмайды. 1-2 сағатта жүріп өтеді. "Қойға шөп қалдырмады" деген сөз өтірік!" деді. Бәсе, киік жыл он екі ай көшіп жүретін мал ғой!

Тоқтар Жақаштың жазбасы


Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 сәуірде Қостанай облысына жұмыс сапары барысында киіктің көбеюін тежейтін шешімнің күші жойылатынын мәлімдеген болатын.

0
0
501

Осы тақырып бойынша