Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Бағдат Мусин қызметінен кетті

Бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі орнынан алынды.

undefined

Фото: gov.kz

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.

0
0
422

Павлодарда «Қазақстан алюминийі» компаниясы саябақтың жерін иемденіп алмақ болған

Павлодар облысының прокуратурасы Павлодар қаласы саябағы аумағының бір бөлігін 2 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін заңсыз беру дерегін анықтады.

undefined

Ауданы 1,2 га «Металлургтер» саябағының жер учаскелері жер және сәулет заңнамасын бұза отырып, жоғарыда аталған нысаналы мақсатта пайдалану үшін «Eurasian Resources Group» компанияларының бірі – «Қазақстан алюминийі» АҚ-ға тікелей бөлінген.

Қадағалау актісі бойынша заңсыз рұқсат беру құжаттарының күші жойылды, жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, саябақ аумағы қалпына келтірілді, кінәлі лауазымды түлғалар қызметінен босатылды.

Павлодар облысының прокуратурасы

0
0
395

ШҚО-дағы демалыс базасында алапат өрт болды

Шығыс Қазақстан облысында демалыс базасындағы үйлер жаппай отқа оранды.

undefined

"Демалыс базаларының бірінде 3 жазғы ағаш үйлер өртенді. Қазіргі уақытта өрт 269 шаршы метр алаңда оқшауланды. ТЖД қызметкерлері өртті сөндіру жұмыстарын жүргізуде", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Қазір оттың тұтану себебі анықталып жатыр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

0
0
306

Ерлан Тұрғымбаев ұсталды деген ақпаратқа қатысты Бас прокуратура түсініктеме берді

Еліміздің Бас прокуратурасы 2022 жылғы Қаңтардағы оқиғаларына байланысты қылмыстық істерді тергеу жалғастырылып жатқанын хабарлады.Коллаж: Orda.kz"Осы жылдың 29 сәуірінде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды.Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды", - делінген қадағалаушы органның хабарламасында.Біз бұрынырақ Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарағанын жазғанбыз. Ерлан Тұрғымбаев 2019-2022 жылдары Ішкі істер министрі болды. Ол 2022 жылдың ақпанында қызметінен кетіп, тамы…

0
0
339

Жамбыл облысында 105 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды

Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты жымқыру дерегін анықтады. Бұл туралы облыс прокуратурасындағылар хабарлап отыр.

undefined

Аталған аймақтың екі тұрғыны 108 шаруаның атынан құжаттарды қолдан жасап, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу шығыстарын субсидиялауға бөлінген 105,3 млн теңгені заңсыз алғаны анықталды.

30.03.2024 жылы аудан прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша ҚК-тің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін тіркеді.

Қылмыстық істі тергеу облыстық Экономикалық тергеп-терсеру департаментіне жүктелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

0
0
268

75 жастан асқан Жерар Депардье қыз-қырқынға тиісуін қоймапты

Францияның құқық қорғау органдары белгілі актер Жерар Депардьені қамауға алды. Бұған актердің үстінен екі әйелдің «сексуалдық тұрғыда тиісті» деп арыз жазуы себеп.Арыз жазған әйелдердің бірі 2021 жылы «Терезенің жасыл қақпасы» («Les volets verts») фильмінің түсіріліміне қатысқан қоюшы суретші болса, екіншісі 2014 жылы түсірілген «Сиқыршы және сиамдықтар» картинасы режиссерінің ассистенті болған.Қоюшы суретшінің түсірілім кезінде Депардьенің тиіскені және зорлағаны туралы прокуратураға шағым жазғаны ақпан айында айтылған еді. Кейін BFMTV телеарнасы актерге қатысты тергеу басталғанын, бұл оған ашылған үшінші іс екенін хабарлады.   Ал ақпанның ортасында Ouest France газеті режиссердің әлдебір бұрынғы ассистенті де арыз бергенін жазды. Бұл әйелдің айтуынша, Депардье оған 2014 жылғы…

0
0
108

Мемлекет кірісіне қосымша 40 млрд теңге қайтарылды

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.Комиссия жалпы көлемі 40 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару жөніндегі келісімдерді мақұлдады, оның 38 млрд теңгеден астамы – ақшалай қаражат, сондай-ақ Астанадағы құны 2 млрд теңге тұратын бизнес-орталық. Қайтарылған қаражат әлеуметтік мақсаттарға, оның ішінде су тасқыны салдарын жоюға бағытталады.Бұған қоса 7 млрд теңге сомасына инвестициялық келісімдерге қол қою мақұлданды, оның аясында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңы қолданылатын тұлғалар Астана және Шымкент қалаларында екі инфрақұрылым нысанын салады. Аталған жобаларды іске асыр…

0
0
268

Қуандық Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысы түстен кейінге қалдырылды

Бұған айыпталушылардың сот залына уақытында жеткізілмеуі себеп.

undefined

Әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның қылмысты жасырды, хабарламады деп айыпталған туысқан інісі Бақытжан Байжановқа қатысты кезекті сот отырысы бүгін сағат 10:00-де басталуы керек еді. Бірақ судья отырысты бастайын деп жатқан кезде айыпталушылардың сот залына әлі жеткізілмегені белгілі болды. Осыдан соң ол сот отырысын түстен кейінгі уақытқа қалдыруды жөн көрді.

"Басты сот отырысын айыпталушыларсыз өткізуге болмайды. Оларды жеткізетін күзетшілерге қатысты бір түйткіл туындапты. Енді сағат 11-де алып шығады. Одан келемін дегенше 12 болады. Сондықтан сот отырысын сағат 14:30-да бір-ақ бастаған дұрыс", - деді судья Айжан Құлбаева.

0
0
331

Үш елдің полициясы интернет-алаяқтыққа қатысы бар екі трансұлттық қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды

Қазақстан, Украина және Чехия полициясы интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобын жойды.Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, ІІМ қызметкерлері киберқылмысқа қарсы іс-қимыл шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, интернет-алаяқтыққа шетелдік азаматтардың қатысы бар екенін анықтаған. "Министрлік қызметкерлері қызметтік іссапар барысында Украина Ұлттық полициясымен және Чехия полициясымен бірлесіп, интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобының әрекетіне тосқауыл қойды, – дейді Әлекешев. Запорожье қаласында алаяқтардың екі call-орталығы жойылған. Қаскүнемдер өздерін банктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, қазақстандықтарға қоңырау шалып, олардың шоттарының деректерін алуға тырысыпты. Мұнда 9 адам ұстал…

0
0
343