Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Шымкентте «Өткенге құрмет – бүгінгі міндет» атты тазалық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы еліміздің барлық аймағында кең өріс алуда. Бұл игілікті жұмыс Шымкентте де ауқымын кеңейте түсті. Бүгін таңертеңнен бастап қаладағы барлық ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері, тұрғындар мен ерікті жастар, ардагерлер мен оқушылар бұл игілікті шараға белсенділікпен атсалысуда.Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен көшелерде санитарлық тазалық жұмыстары мен көріктендіру, абаттандыру шаралары, шөп ору, ағаштарды әктеу, қоршаулар мен орындықтарды сырлау жұмыстары қызу жүргізілуде. Одан бөлек, 3,3 шақырым ирригациялық арық жүйесі, 9,7 шақырым жол жиектері тазартылса, 130 тонна күл-қоқыс шығарылды.Бұл жұмыстарға қаланың 9500-ден аса тұрғыны мен 112 техника жұмылдырылды.Акция аясында белсенді тұрғындардың бастамасымен «Өткенге құрмет…

0
0
477

Елімізге сырттан жұмыртқа әкелуге тыйым салынды

АШМ-ның арнайы бұйрығы 2024 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді.Фото: Ресей Хабар өлкесі үкіметінің баспасөз қызметі«Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 040721) әкелуге алты ай мерзімге уақытша тыйым салынды.Айта кету керек, тыйым Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық…

0
0
358

Ақтауда төрт жасар бала бесінші қабаттағы терезеден құлап кетті

Ақтаудың 17-ықшамауданында тұрғын үйдің бесінші қабатындағы терезеден төрт жасар бала құлап кетті.Фото: 76.ruБүлдіршін оқиға орнында қаза тапты.Маңғыстау облысы Полиция департаментіндегілердің хабарлауынша, сот-медициналық сараптама белгіленген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.Ал Ақтаудың Полиция басқармасындағылар балалардың терезеден құлау қаупі туралы ата-аналарға талай мәрте ескертумен келеді.  «Әдетте осындай оқиға боларда балалар өз бетінше түрлі жиһаздарды тірек ретінде пайдаланып, терезеге шығып, москит торына сүйеніп, онымен бірге терезеден құлап кетеді. Сонымен қатар мұндай жағдайдың басым көпшілігі ересектердің балалардың жүріс-тұрысын қадағаламауынан, терезелерді жабуды ұмытып кететін туыстары мен достарының салғырттығынан, терезелерде бұғаттағыштың жоқтығынан, жиһазды…

0
0
405

Елде су тасқыны кезінде эвакуацияланған адамдардың 35 мыңнан астамы үйлеріне қайтты

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 16.00-дегі ақпарат (26.04.2024 ж.)

Республика бойынша 35124 адам өз үйлеріне оралды. 7053 адам, оның ішінде 3105 бала эвакуациялау пункттерінде.

6082 тұрғын үй мен 2794 аула аумағынан су бұрылып, сорылды.

«Жедел желі» телефонындарына 2235 қоңырау түсті.

https://t.me/qr_tjm

0
0
438

Ақтөбеде үлескерлер 2,5 млрд теңгесінен айырылып, сан соғып қалған

Ақтөбе облысы прокуратурасының үйлестіруімен ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы және 279-бабының 1-бөлігімен (алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе талаптарды бұзу) қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.Тергеу барысы облыс прокуроры Х.Дәуешовтің жеке бақылауында болды.Атап айтқанда, 2019-2023 жылдар аралығында «Safina» тұрғын үй кешенінің басшысы К. және бір серіктестіктің директоры А. Ақтөбе қаласының 12-ші және Алтын Орда ықшамаудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер береміз деген желеумен үлескерлердің 2,5 млрд. теңге қаражатын иемденген.Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Ақтөбе қаласының прокуратурасымен екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс мәні бойынш…

0
0
396

Елімізде 1 мамырдан бастап қандай жаңа жол белгілері болады?

Әңгіме биыл 1 мамырда қолданысқа енгізілетін ҚР СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары» ұлттық стандартына өзгерістер мен толықтырулар туралы болып отыр.ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мен ҚР СИМ ТРМК Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірлеген осы өзгерістер жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға және жол қозғалысының барлық қатысушыларына қолайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған.Негізгі жаңа белгілер:1. Міндетті айырым белгісі: гибридті қоспағанда, барлық электромобильдер қолдануға тиіс «Электромобиль» белгісі.2. Жаңа жол белгілерін енгізу:- Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мүмкін болатын авариялық жағдайлардың алдын алу үшін тротуарларға орнату жоспарланған «Электр самокаттарда жүруге тыйым салынады»;-«Диагональды жаяу жүргіншілер…

0
0
519

Шымкентте бірнеше жалған полицей ұсталды

Шымкентте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері қала тұрғындарына күш қолдану арқылы үлкен көлемдегі қаражатты ашық түрде иемденген үш ер адамды ұстады. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, күдіктілер полиция қызметкерлерінің атын жамылып, тұрақты түрде ақша бопсалаумен айналысқан. Яғни “қорғауға” аламыз деп, ай сайын төлем талап етіпті. Ұсталғандардың бірінен полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді. Ал екіншісі алаяқтық үшін бұрын сотталған болып шыққан. "Мұндай әрекеттер өз міндеттерін адал атқаратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан оларға қатаң түрде тосқауыл қойылатын болады. Күдіктілердің барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау, тонау және билік өкілі ат…

0
0
387

Алматыдағы барда арнайы операция жүргізілді

Алматы прокуратурасының бастамасы бойынша ҰҚКБ қызметкерлері қаланың түнгі ойын-сауық орындарының бірінде есірткі заттарын тарату жөніндегі қызметтің жолын кесті.

undefined

Арнайы операция нәтижесінде жұмыс орнында синтетикалық «мефедрон» есірткісін сатқан 21 жастағы лаундж-бардың қызметкері (кальяншы) ұсталды.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Алматы қаласының прокуратурасы

0
0
281

"Біз ешқайда кетпейміз". TikTok басшылығы желіге тыйым салғалы жатқан АҚШ билігімен соттасатын болды

АҚШ Сенаты қоғамда қызу талқыланған TikTok туралы шулы заңды қабылдап, оған Президент Джо Байден қол қойды. 24KZ телеарнасыңы хабарлауынша, аталған құжатқа сай желі иесі қытайлық ByteDance компаниясы 9 ай ішінде қосымшаның америкалық үлесін сатуы тиіс. Олай жасамаған жағдайда желіге тыйым салынады.  АҚШ Конгрессінің TikTok-қа қатысты заңды қабылдауына танымал желінің Қытай билігімен байланысы ықпал еткен. Заң шығарушылар да, қауіпсіздік жөніндегі сарапшылар да Қытай үкіметі қосымша арқылы америкалықтардың құпия деректеріне қол жеткізіп, үгіт-насихат жүргізуі мүмкін деп қауіптенеді. Ал TikTok басшысы Шоу Зи Чу ресми Вашингтонның бұл шешімімен келіспейтіні туралы бейнеролик жариялады. "Бұл заң 170 миллион америкалықты TikTok-тан айырады. Ол қосымшаға ғана емес, сіздің дауысыңызға да ты…

0
0
254

Тоқаев қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынын мәлімдеді

Тіл мәселесінің дұрыс шешілуі кез келген елдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына едәуір ықпал ететінін тарихтың өзі көрсетіп отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» тақырыбымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясында айтты.«Жер жүзінде бәрімізді алаңдатын түрлі оқиғалар болып жатыр. Біртұтас ұлт ретінде дәл осы кезде біздің мақсатымыз да, ниетіміз де бір болуға тиіс. Қоғамда ұлтына қарай ерекшеленуге, оқшаулануға ұмтылған кез келген әрекетке, әсіресе, азаматтарды тіліне, ұлтына, дініне немесе мәдениетіне бола арандатуға, я болмаса кемсітуге мүлде жол бермейтін орта қалыптастыру маңызды», - деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі екендігін баса назар аудартты.«Осы мә…

0
0
293