Алматыдағы барда арнайы операция жүргізілді
Алматы прокуратурасының бастамасы бойынша ҰҚКБ қызметкерлері қаланың түнгі ойын-сауық орындарының бірінде есірткі заттарын тарату жөніндегі қызметтің жолын кесті.

Арнайы операция нәтижесінде жұмыс орнында синтетикалық «мефедрон» есірткісін сатқан 21 жастағы лаундж-бардың қызметкері (кальяншы) ұсталды.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.
Алматы қаласының прокуратурасы
