Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

"Мен заңсыз сотталдым". Байжанов апелляциялық сотта өзінің кінәсі жоқ екенін айтты

Бүгін Қуандық Бишімбаевпен қатар оның қылмысын жасырды деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған Бақытжан Байжановқа да қатысты апелляциялық сот өткізіліп жатыр.

Ол сөзін тағы да қағазға қарап оқып берді. Байжанов өзінің кінәлі еместігін айтып, "әділ сотқа деген сенімін қайтарып беруге көмектесуді" сұрады.

Сотта оның жұбайы Айнұр да сөйледі. Ол кішкентай үш баланың әкесін ақтауды өтінді. Бұл отбасының ниесилері, ипотекасы бар екен. Балаларының біріне екі рет ота жасалыпты. Және отағасы олардың жалғыз асыраушысы болып тұр.

0
0
442

Үкімет медициналық инфрақұрылымға кешенді жетілдіру жұмыстарын жүргізеді

Елімізде медициналық инфрақұрылымды жетілдіру және азаматтарды медициналық сақтандыру жүйесімен қамтуды кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министр орынбасары Тамара Дүйсенова мәлімдеді.Өңірлерде МӘМС жүйесіне тарту үшін азаматтардың мәртебесін нақтылау жөніндегі жұмысты тиімді үйлестіруге тиісті штабтар құрылды. Вице-премьер дамыған елдердің тәжірибесі бойынша сақтандыру жүйесі 3 негізгі міндетті шешетінін атап өтті: клиникаларда пациенттерді емдеу үшін ең жақсы жағдай жасау, мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі ортақ жауапкершілігі, жұмыстың ынтымақты қағидаты есебінен медициналық көмектің барлық түрлерінің қолжетімділігі.«Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында біз осы озық…

0
0
199

Жамбыл облысында сотталған әйелдер су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетіп жатыр

Биыл еліміздің бірқатар өңірлері су тасқынынан қатты зардап шеккені белгілі. Енді соның зардаптарын жоюға ауқымды жұмыс күшін тарта отырып, құрылыс және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру процесі жүргізіліп жатыр.Өз кезегінде облыс прокуратурасының ұсынысы бойынша әкімдік қаражат іздестіріп, зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету үшін демеушілер жұмылдырылды.Бөлінген қаражатқа пробациялық бақылаудағы сотталғандар жұмысқа тартылды.Қазір 10 әйел «Dana del» ЖШС облыстың жетекші тоқыма кәсіпорындарының бірінде «тігінші» және «пішуші» курстарында оқиды.Кәсіпорын арнайы киімдер мен төсек орындарды (матрацтар, жаймалар және т.б.) тігуге тапсырыстарды орындауға кірісті.Бұл жұмыс сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, оларды қоғамдық еңбекке тарту, жалақы алу, жауапк…

0
0
205

Атырауда қатты желден электр бағаналары құлады

25 маусым күні сағат 21:30 шамасында Гагарин көшесі мен Байтұрсынов көшесі қиылысында желдің қатты жылдамдығы әсерінен электр желісіндегі 3 бағана құлады.

Сол себептен аймақтың кей бөлігінде жарық жоқ. Осыған байланысты жедел түрде бригада ұйымдастырылып, электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Толықтай электр жарығын қосу уақыты қосымша хабарланады.

https://t.me/atyraujaryk

0
0
344

33 жылда шет елдерден 1 млн 135 мыңнан астам қазақ атамекеніне оралған

Жыл басынан бері 7,3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.Фотоколлаж: vlast.kz2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 7 353 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 135,7 мың этникалық қазақ оралды.Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (49,4%) Қытайдан, 6,3% – Түрікменстаннан, 5,4%  – Моңғолиядан, 34,4% – Өзбекстаннан, 3,2% – Ресейден және 1,3% басқа елдерден.Осы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,2%-ды және зейнеткерлер 9,7%-ды құрайды.Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16,9%-ы жоғары білімді, 22,6%-ы орта кәсіби білімді, 55,3%-ы жалпы орта білімді, және…

0
0
258

Жіппен қылғындырып өлтірген. Алматыда суицид жасаған әйелге қатысты жаңа деректер шықты

Кеше Алматының Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы үлкен айналмалы шеңберден бір әйел құлап өлген болатын. Ол осылай суицид жасаған делініп отыр.

Фото: miktrip.com

Осы сұмдық оқиғадан кейін Алматы облысының полицейлері алты жасар қыздың денесін тапқан. Тергеу мәліметі бойынша, бүлдіршіннің 40 жастағы анасы Юлия С. өз үйінде қызын жіппен қылғындырып өлтірген. Бұл оқиға сағат 10:00-де болыпты.

Анасы мен қызы Алматы түбіндегі Өтеген батыр ауылында тұрған екен. Бүлдіршін психикалық дертпен ауырған.

Кішкентай қыз өлгеннен кейін екі сағат өткен соң әйел қаладағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында өз-өзіне қол салды. Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.      

0
0
190

Су тасқыны кезіндегі жұмыстар бойынша қай әкімдер қызметінен кетуі мүмкін?

Фото: gov.kz

Бүгін Үкімет кулуарында журналистер Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтан су тасқынынан зардап шеккен аймақтар басшыларының жұмысына баға беруді сұрады. Әсіресе, "өңірлерде енді ауыс-түйіс бола ма?" деген сұрақ қойылды.

Оған Бозымбаевтың жауабы мынадай болды:

"Әкімдер ауыса ма, жоқ па, ол менің құзырымдағы шаруа емес. Ал атқарған жұмысына келсек, бұл әркімде әртүрлі. Бірақ жалпы үйлестіру ісі орталықтан, Үкімет пен Президент әкімшілігінен жүргізіліп жатыр. Дәл қазір әкімдердің бүкіл жұмысы тұрғын үй мәселесін шешуге жұмылдырылған".

0
0
183

ШҚО-да бағалы металдарды заңсыз өндіру деректері анықталды

Ұлан ауданында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында бағалы металдарды іздеу үшін тиісті лицензиясыз жер қазумен айналысқан заңсыз кеншілердің екі тобы анықталды.

Осы мақсат үшін кеншілер 4 металл іздегішті пайдаланған, олар кейіннен тәркіленген

Сонымен қатар, жайылымдық жерлерде арнайы техниканы пайдаланып жер қойнауын заңсыз өндіру салдарынан қоршаған ортаға зиян келтіру фактісі анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін полицияға жіберілді. Бұл ретте полицейлер жайылымдық жерлерді пайдалану кезінде зардап шеккендерді анықтау шараларын жүргізуде.

Прокуратура органдары маусымдық сипатты ескеріп, жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша қарқынды жұмысты жалғастыруда.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

0
0
212

Министр шегірткеден шығын келмегенін мәлімдеді

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шегіртке жайлаған өңірлерді өзі аралап, жағдайды қатаң бақылап отырғанын жеткізді.

undefined

Фото: tengrinews.kz

Оның айтуынша, зиянкестермен күреске препаратта та, қаражат та жеткілікті. Ал былтыр бұл жәндіктер 1,5 млн гектар жерге тараған. Бірақ, оларды жоятын өнім уақытында алынбағандықтан 2,5 млн гектар жерге көбейіп кеткен.

Ауыл шаруашылығы министрі егер шаруаларға шегірткеден шығын келсе 5 пайыз жеңілдікпен субсидия беру мәселесі қарастырылғанын айтты. Жалпы, биыл зиянкестермен күреске 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

@qazaqstantv

0
0
255

Қостанай облысындағы электр желілерін қалпына келтіруге 1,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің төтенше резервінен Қостанай облысында ауқымды су тасқыны салдарынан зақымдалған электр желілерін қалпына келтіруге 1,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды.Фото: egemen.kz (мұрағаттан)Жөндеу жұмыстары Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелді аудандарында жүргізіледі, бұл жергілікті тұрғындарды тұрақты электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Биыл 27 наурызда өзендер мен су айдындарындағы су деңгейінің бірден көтерілуіне байланысты Қостанай облысының оңтүстік аудандары су астында қалды. Соның салдарынан әуедегі электр желілері мен трансформаторлық қосалқы стансалардың тіректері астындағы топырақ шайылып кетті. Бұл олардың зақымдалуына және 37 елді мекеннің тұрғындарын электрмен жабдықтауды шектеуге әкелді. Техникалық тексе…

0
0
311