Құрбан шалу кезіндегі жарылыстан зардап шеккен 4 адам жансақтау бөлімінде жатыр
БҚО денсаулық сақтау басқармасындағылар Оралдағы «Ел ырысы» базарында болған газ баллоны жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

Фото: inform.kz
27-67 аралығындағы сегіз ер адам, сосын 2007, 2009 жылы туған екі бала зардап шеккен. Кәмелет жасына жетпегендердің біреуі жансақтау бөлімінде, екіншісі травматология бөлімінде жатыр.
Ересектердің үшеуі жансақтау бөліміне, ал төртеуі көпжарақат бөліміне орналастырылған.
Айта кетейік, Оралдағы оқыс оқиға кеше құрбан шалған малдың басын үйітіп жатқан кезде болған.



