Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Атырауда бұрынғы әйелін пышақтап кеткен ер адам іздестіріліп жатыр

Сұмдық оқиға сегіз күн бұрын болған.

undefined 

Қаскөйдің әрекеті видеоға түсіп қалып, күдіктінің кім екені анықталғанымен, жігіт әлі табылған жоқ.

Оқиға былай болған: Ер адам кезекті ұрыс-керістен кейін бұрынғы азаматтық некедегі әйелін подъездегі баспалдақтың астында жасырынып күтіп тұрады. Келіншек шыққан кезде қаскөй оған бірден тап беріп, бірнеше рет пышақ салған.

Әйел облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Ал жігіт қашып кеткен.    

Атырау қалалық №1 полиция бөлімінің бастығы Руслан Бәйтеновтің айтуынша, ер адам 29 жаста, ал келіншек 33 жаста екен.  

«Күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстауға бағытталған жедел іздестіру кешенді шаралары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – дейді Бәйтенов.

0
0
261

Осы тақырып бойынша