Байден мен Зеленский Украинаны қорғауды көздейтін келісімге қол қойды
АҚШ және Украина президенттері Джо Байден мен Владимир Зеленский қауіпсіздік туралы екіжақты он жылдық келісімге қол қойды.

Фото: president.gov.ua
Келісім Украинаны қорғауды күшейтуге бағытталған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл құжат Киевтің НАТО-ға мүше болу мүмкіндігіне салынған көпір болмақ.
Бұрынырақ Польша президенті Анджей Дуда Украинаны НАТО-ға қабылдаудың ресми рәсімін мүмкіндігінше тезірек бастау керектігін мәлімдеген еді. Оның ойынша, Киевті әскери блокқа ресми түрде шақыратын уақыт келді.




