Алматыда танымал әртістердің есімдері берілген көше атаулары бекітілді
Бүгін Алматы қалалық мәслихатының кезектен тыс XVIII сессиясы өтті. Онда депутаттар мегаполистің бірқатар көшелеріне жаңа атаулар беру жөніндегі ұсынысты қолдады.Алматы қаласы мәслихаты ресми сайтының хабарлауынша, К.Тимирязев көшесінен басталған Ю.Гагарин атындағы даңғылдың бір бөлігі Ермек Серкебаевтың есімімен, ал Әуезов ауданындағы Юбилейная көшесі Владимир Толоконниковтың құрметіне аталды.Сондай-ақ Алматыда атаусыз көшелер азайып жатыр. Бостандық және Түрксіб аудандарында екі көшеге Ескендір Хасанғалиев пен Юрий Померанцев есімдері берілді.Ермек Серкебаев – Қазақстанның халық әртісі. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі болған. Көрнекті қазақстандық әнші халық әндерін, романстарды, классикалық және кеңестік шығармалардың басты опералық партиял…
