Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Мәжіліс депутаты тәңіршілдерді тексеру керектігін мәлімдеді

Елімізде тәңіршілдікті дін ретінде мойындауды талап ететін петиция жарияланды. Мәжіліс кулуарында депутат Еділ Жаңбыршин осыған қатысты пікір білдірді.

undefined

«Тәңіршілдік деген дін емес. Біздің ата-бабамыздың ұстаған діні – ислам. Сондықтан бұлар адасушылар болуы мүмкін. Дұрыстап оқысын, зерттесін. Қожа Ахмет Яссауи, Бекет ата, Шәкәрім, Абайлар адаспаған шығар деп ойлаймын», - дейді Еділ Жаңбыршин.

Ол өзінің ислам дінін ұстанатынын айтты. Алайда діни сенімді таңдау әр адамның өз құқығы екенін жеткізді.

«Әркім өз зерттеулерінің, ізденісінің, сенімдерінің нәтижесінде дінді өзі таңдайды. Ең бастысы дін терроризм мен экстремизмнің құралы болмауға тиіс. Дінді саяси құралға айналдыруға болмайды. Ол қоғамда дау тудырмауы керек. Егер мұндай белгілер болса, онда бұл дін емес. Бізде тиісті мемлекеттік органдар бар. Олар петиция мен ұсыныстарға өздері жауап беріп, қарастырады», – деді депутат.


Qaz365kz 

0
0
400

Осы тақырып бойынша