Перейти к содержимому
seri.jigit

seri.jigit

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

733

жазбалар

533

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

5

БҚО-да әкімдік есепшісі үш жыл бойы ақша жымқырған

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының прокуратурасы Көктерек ауылдық округі әкімдігінде 7 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады.Штаттық кесте мен банк шоттарын салыстыру кезінде әкімдік бухгалтерінің тиісті және нақты төленген жалақысында айырмашылық анықталып, соңғысы 3 жыл бойы өзіне артық соманы аударғаны белгілі болды.Аталған жәйт бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолдады.Тергеу барысында есепші өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толық өтеген.2024 жылғы 17 сәуірдегі сот үкімімен кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті ірі көлемде иемдену және жымқыру) бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 3…

0
0
413

Депутаттармен тығыз жұмыс істеу керек

Олжас Бектенов Министрлер кабинетіне депутаттық корпуспен тығыз жұмыс істеуді тапсырды ➤ Мемлекет басшысының қайта өңдеу үлесін 70%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірледі.🔹 Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың мәлімдеуінше, қайта өңдеу кәсіпорындарын қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету, негізгі және айналым қаражатын толықтыруға жеңілдікті несиелер беру, жаңа нарықтарды ашу арқылы қайта өңдеу өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру көзделген.​✔ Кешенді жоспар аясында жалпы сомасы 176,2 млрд теңгені құрайтын 58 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жалпы бұл азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібінің дамуына жақсы серпін…

0
0
361

Президент «ҚазМұнайГаз» басшысының міндетін атқарушыны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асхат Хасеновті қабылдады.Асхат Хасенов компанияның биылғы бірінші тоқсанда атқарған операциялық және қаржылық қызметінің нәтижелері туралы есеп берді:«ҚазМұнайГаздың» көптеген негізгі көрсеткіштер бойынша былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда өсімге қол жеткізгені жөнінде баяндады;ірі инвестициялық жобалардың, соның ішінде Жаңаөзенде гибридті электр станциясын және Атырау облысында қуаты 1,25 миллион тонна болатын полиэтилен өндіру зауытын салу, мұнай-химия кластерін дамыту, Каспий теңізіндегі Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов кен орындарын игеру барысы жайында айтты;компанияның 2023 жылы іске қосылған газ кен орындары, сондай-ақ қорларды толтыру және мұнай өндіру деңгейін сақтау мақсатында жүр…

0
0
378

Қостанайда ҚТЖ-ның басшылық қызметіндегі бірнеше адам сотталды

Бейімбет Майлин ауданының соты «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалының Қостанай пайдалану локомотив депосының бастығы А. Махмутовқа, оның орынбасары Ж. Сырмановқа, жылу технигі Б.Серікұлына және «Қазақстан-ОЭК» СҮ» ЖШС Тобыл станциясының отын қоймасының бастығы К. Елюсиновқа қатысты үкім жариялады.
Олар ҚТЖ дизель отынын және теміржол кранын жөндеуге бөлінген қаражаттан жалпы сомасы 12 млн теңгеге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Махмұтов, Сырманов, Елюсинов 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айырылып, Серікұлының 3 жылға бас бостандығы шектелді.
Сонымен қатар сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

https://t.me/antikornews

0
0
441

Алматы облысында аударылған автобустың видеосы тарады

Кеген ауданындағы жол апатынан кейінгі жағдайды көрсететін бейнежазбаны Facebook-тегі парақшасына жариялаған белгілі журналист Диас Нұрақын осы оқиғаға қатысты мәселе көтеріп отыр. "Көлсайға бара жатқан туристер апатқа ұшырапты" деген ақпаратты қалыпты жағдай ретінде қабылдайтын күнге жеттік. Себебі жылда қайталанады. Былтыр да бір топ адам Қайыңдыда қырылып қала жаздаған. Бүгін 37 саяхатшы мінген автобус Аласаның тауында аударылып қалды. Алла оңдап, бәрі дін аман екен. Көлсайдағы жабайы туризмді тоқтатпайынша бұл жағдайдан қашып құтыла алмаймыз. Кеген ауданындағы жолдар өте қауіпті. Себебі таулы аймақ болғандықтан ирелең-қиралаңы көп. Тар, республикалық маңызы бар деген талапқа сай келмейтін бұл жолдармен сала-құлаш автобустар жүре алмайды. Өте қауіпті. Бірақ тек пайданы ойлағандар турис…

0
0
408

Әйелдер мен қыздардың репродуктивті денсаулығына қатысты мәселелер талқыланды

Астанада сарапшылар әйелдер мен қыздардың репродуктивті денсаулығының өзекті мәселелерін талқылады.ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында жасөспірім қыздарға медициналық қызмет көрсету және фертильді жастағы әйелдермен акушерлік-гинекологиялық қызметтің жұмысы мәселелері қаралды. Ерекше назарда - ауыл тұрғындары.Отырысқа облыс әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.Отырысқа қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Ұлттық комиссия төрағасы, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала беретінін айтты.«Бұл мәселе жалпыұлттық маңызға ие. Өйткені біз салауатты ұлт, елдің болашағы туралы айтып отыр…

0
0
322

Үндістанда балалар саябағы өртеніп, көп адам қаза тапты

Үндістанданың Раджкот қаласындағы балалар саябағында болған өрт салдарынан 28

адам қаза тапқаны айтылуда. Бұл сан әлі де өсе түсуі мүмкін.

Қаза тапқандардың көбі - балалар. Олар құрылғылар құлаған соң саябақтан шыға алмай қалған.

Полиция өкілдерінің айтуынша, бұл ойын-сауық саябағы заңсыз жұмыс істеп келіпті.

0
0
552

Астананы нөсер жауыннан кейін су басып қалды

Елордадағы Ұлы дала және Тұран көшелерінің қиылысы бүгін осындай болып тұр.

Бұл жерді түнгі нөсер жауыннан кейін су басып қалған. Сөйтіп, осы маң кәдімгі көлге айналды.

"Кейбір батылдар ғана көлігімен суды кешіп өтіп жатыр... Мына жағдайға қарағанда, астаналықтарға жақында машинасының жүксалғышына үрмелі қайық салып алуға тура келетін сияқты", - деп жазды t.me/sputnikKZ

0
0
451

47 бала ұсталған: Маңғыстау облысында түлектер арасында жаппай төбелес болды (видео)

undefined

Мектеп бітірушілер арасындағы бұл төбелес Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы Боранқұл (бұрынғы Опорный) ауылында болған.

Жаппай жанжалға ондаған бала қатысқаны бейнежазбадан көрініп тұр. Олардың кейбірі тіпті тас лақтырып жатыр.

Полиция департаментіндегілер болған оқиғаны растады.

Төбелеске қатысқан 47 бала полицияға жеткізіліп, бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Басқа мәлімет тергеу мүддесіне сай айтылмайды.

Ал мынау бейнероликті жаңаөзендік түлектер жасаған:

Lada.kz

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында түлектердің кортежіне қатысты 16 әкімшілік хаттама толтырылғанын жазғанбыз.

0
0
422