Алматыда кәріз қақпағын ұрлау мен арықтарды қоқысқа толтыру тыйылар емес
Қала коммуналшылары тұрғындардың арық пен кәріз құдықтарын неге толтырып тастайтынын айтып берді. «Алматы Су» МКК ақпараты бойынша, кәріз люктерін ұрлау қалада барлық жерде байқалады. Соңғы оқиға Шапағат шағын ауданда болды. Ағымдағы жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында мердігер ұйым кепілдік міндеттемелері аясында 8 люк қақпағын орнатты, олардың бір бөлігі ұрланған және бүгінгі күнге дейін ұрлық жалғасуда. Мердігер люк қақпақтарын 25 мамырға дейін қалпына келтіреді.«Ұрлық қалалық инфрақұрылымға ауыр зардаптар әкеледі. Кәріз желілерін бітеп тастайтын қоқыс ашық құдықтарға түседі», - деп шағымданады «Алматы Су» МКК. Тасталған қоқыстардың ішінде: сынған термометрлер мен мерзімі өткен дәрі-дәрмектер, аэрозольдер, электронды құрылғылар, флуоресцентті шамдар, резеңке бұйымдар, жиһаз және…



