Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Алматы облысында түлектердің бір кортежіне қатысты 16 хаттама толтырылды

Алматы облысында көшеде жүріп бара жатқан кортеждегі көліктерден мектеп бітірушілердің басын шығарып алған видеосы тарады.

Кортежде бес автокөлік болыпты. Олар машиналар нөпірімен кетіп бара жатып, жол ережесін өрескел бұзған. Басқа көліктерді орағытып өтіп, тіпті қарсы жолаққа шығып кетіп отырған.

Полиция кортежде болғандардың бәрін анықтап, осы жағдайға қатысты 16 әкімшілік хаттама толтырды.

"Полиция Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзған кортеж қатысушыларын ұстады және барлық автокөліктер арнайы тұраққа тоғытылды.
Қарсы бағытқа шығуы, жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды тасымалдау және қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану талаптарын сақтамағаны, маневр жасау қағидаларын бұзғаны және авариялық жағдай жасағаны үшін хаттамалар толтырылды.
Көлік құралдарында жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау жөніндегі талаптарды бұзған кәмелетке толмаған жолаушылардың ата-аналарына олардың балаларын күтіп-бағу, тәрбиелеу, оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік шаралар қабылданды", - деп жазды t.me/POLICE_of_KZ.

0
0
772

Осы тақырып бойынша

Алматы облысында түлектер кортежіне қатысты 16... - Yvision.kz