«Мені секс-құлдыққа сатпақ». Қазақстандық UFC ойыншысы мәлімдеме жасады
Қазақстандық жекпе-жек шебері Мария Агапова АҚШ-та қиын жағдайда тап болыпты. Ол далада қалатын түрім бар деп отыр. «Бір аптадан кейін үйсіз қалатын шығармын. Сіз таңғалдыңыз ба? Ал мен таңғалмадым. Бұл – менің Америкадағы классикалық өмірім. UFC жекпе-жегінің алдында үйсіз қалу. Бұл деген классика! Келесі аптада мен үйсіздерге арналған баспана іздеймін. Өйткені адамдарға сенуден қалдым. Пәтер жалдауға ақшам болмағандықтан, енді көрінген жерде тұра беремін. Адамдар мені пайдаланып отыр. Олар менің жеке шекарамды, жеке өмірімді елеп-ескеріп жатқан жоқ. Тіпті сыртымнан мені секс-құлдыққа сатуға тырысуда. Пайдалануды емес, қол ұшын созуды көздейтін паналау орындарын, қайырымдылық ұйымдарын кім біледі? Маған жазып жіберіңіздерші. Флорида штаты», – деп жазды Мария Instagram-дағы сторизін…




