ӘЧ-2024: қазақстандық хоккейшілер АҚШ құрамасынан да ойсырай жеңілді
Мұның алдында біздің хоккейшілер Германиядан 2:8 есебімен ұтылған еді.
"Хоккейден ӘЧ-2024-те ең үлкен жеңіліс Германиядан болды деп ойладық-ау... Бірақ олай болмады. АҚШ-тан 1:10 есебімен ұтылдық. ӘЧ-2024-тегі соңғы матчымыз Польшамен өтеді. Ол 20 мамыр сағат 23:20-да басталады. Тіркеуімізді сақтап қалу үшін шайқасамыз. Қаламыз ба?" - деп жазған t.me/sportilinet.
Негізі, Чехияда өтіп жатқан әлем чемпионатын Қазақстан жеңіспен әдемі бастап еді...
