Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Тағы бір шенеуніктің әйелі күйеуінің ұрып-соққанын айтып шағымданды  

Әлеуметтік желіде Атырау облысындағы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтың бұрынғы әйелінің шағым айтып отырған видеосы тарады. Онда әйел өзін бұрынғы күйеуінің ұрып соққанын айтады.

undefinedФотоколлаж: kaztag.kz 

«Мен, Атырау қаласының тұрғыны Үмбетқалиева Ақмарал, Атырау облысы Мақат ауданының әкімі болып отырған бұрынғы күйеуім, спортшы, Олимпиада ойындарының қатысушысы Ринат Хисаұлы Ибрагимовтың үстінен шағым айтқым келеді. Қазір оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 2-бөлігімен (материалдық жағынан тәуелді адамға қатысты денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру) қылмыстық іс тергеліп жатыр», – дейді видеодағы әйел.

Үмбетқалиеваның айтуынша, оны Ибрагимов 11 жыл бойы балаларының көзінше ұрып-соғып, азаптап келген.

«2021 жылы түнгі сағат төртте ішіп алған Ринат мені балаларымның көзінше ұрып, жағымды сындырды. Содан кейін милиция (полиция – ред.) шақыруға мәжбүр болдым. Бірақ артынан «балалар үшін кешір» деп жалынғаннан кейін арызымды қайтарып алуға тура келді», – дейді ол.  

Үмбетқалиеваның айтуынша, әлгі жағдай 2023 жылы тағы қайталанған. Ол кезде әйелдің сегізкөзі сынып, бір ай жүре алмай қалыпты. Сол аралықта Ибрагимов қызмет бабы мен тамыр-таныстықты пайдаланып, одан балаларын тартып алған көрінеді. Сөйтіп, әйел перзенттерін бір жыл бойы көре алмаған.

Осының бәрін видеода айтқан Ақмарал бұрынғы күйеуіне осы уақытқа дейін шара қолданылмағанына тиісті орындардың назар аударуын сұрайды.

Ал ҚазТАГ-тың хабарлауынша, дәл осы азаптау дерегіне қатысты іс сотқа жолданып қойған.

«Іс сотта жатыр. Ақпанда жолданған», - дейді Атырау облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.  

0
0
402

Осы тақырып бойынша