Бағлан Әбдірайымов қымбат көлігін екі аяғы жоқ жігітке сыйлады
Белгілі әнші, актер, продюсер Бағлан Әбдірайымов қымбат тұратын BMV-сын екі аяғы жамбасына дейін кесілген Нұржан есімді мүгедек азаматқа тарту етті.Бұл сәттің де видеосын әлеуметтік желіге салған әншінің айтуынша, екі жыл бұрын өкшесіндегі жарақаттан басталған дерт Нұржанды осы күйге түсірген. Мүмкіндігі шектеулі жанның төрт баласы бар. Әбдірайымов нағыз мұқтаждықты бастан кешіп отырған отбасылардың бірі осылар деп есептейді. «Сынақ сындыру үшін емес, ширату үшін келеді» - дейміз. Десек те қиын-ақ. Кішкентай төрт баласы және жары бұл сынаққа қалай төтеп беріп жүргені бір Аллаға аян! Жарына мың алғыс! (Көлік) осы отбасыға лайықты деп ойлаймыз! Береке берсін!» – деп жазған әнші.Ол қара түсті қара түсті BMV-ның кілтін жаңа иесіне табыстап тұрып, әкесіне қатысты арманын орындап үл…



