БҚО-да құтқарушыға пышақ сұғылды
Оқиға Батыс Қазақстан облысындағы Қазталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында өткен кеште болған. 
Жедел мәлімет бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету мақсатында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзеннің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды.
Ол аудандық ауруханаға кеуде тұсындағы екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында.
Полицияның мәліметінше, құтқарушыға пышақ салған адам мас болған. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
http://t.me/qr_tjm
