Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккен адамдар пойызбен эвакуацияланды
Су тасқыны салдарынан Қарағанды облысының 250-ге жуық тұрғыны жолаушылар пойыздарымен эвакуацияланды.
Фото: t.me/satzhangram
Ауа райының нашарлауына және қардың қарқынды еруіне байланысты биыл 30 наурызда «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қарағанды облысының 250-ге жуық тұрғынын эвакуациялауды ұйымдастырды. Кеше республикалық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» тас жолына шектеулер енгізілген болатын.
Тұрғындарды тасымалдауды қамтамасыз ету үшін «Қарағанды-Балқаш-2» бағытындағы
№8801/8802 жолаушылар пойызы бір рейске бекітілді.
Сондай-ақ, «Қарағанды-Балқаш-2» бағытындағы №605/606 жолаушылар пойыздарына екі бағытта бір рейске қосымша вагондар қатынайды.
Қарағанды облысының тұрғындарын эвакуациялау 31 наурыз күнінің соңына дейін жалғасады.
Анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі арқылы алуға болады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
