Нұрлан Еспанов: «3 миллион теңге қалыңмалға жинап қойдым»
Белгілі әнші-сазгер Нұрлан Еспанов «Қызықты weekend» бағдарламасына қонақ болды.

Онда Еспанов ұлын үйлендіру туралы сұраққа жауап берді.
"Әмина Өмірзақова апамызға ұқсап өзім шығамын дедім. Олжас, биыл үйленбейсің бе, мен өзім шығамын дедім. Уайымдама, саған қыз табамын дедім. Қалыңмалын бәрін дайындап отырмын. Тойына қанша кететінін білмеймін, қалыңмалына 2,5-3 миллион теңге жинап қойдым", – деді сазгер.



