Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Алматыда жол қауіпсіздігі қатаң бақылауда

Алматыда 120-дан астам патрульдік полиция экипажы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Алматыда жол жағдайы тұрақты және бақылауда: бағдаршамдар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, қаланың негізгі көлік артериялары қолмен реттеуге көшті.
Ата-аналардың бір мезгілде балаларын үйлеріне алып кетуіне байланысты, қаладағы мектептер мен балабақшалар аумағында көлік қозғалысы көбейген. Бұл азғантай кептеліс әдеттегі мәселе ретінде шешілуде;
Алматыдан барлық бағыттар бойынша шығатын жол ашық, көлік ағынының өткізуі қалыпты режимде жұмыс істеуде.
Жанармай құю бекеттеріндегі жағдай да тұрақты: көлік кептелісі жоқ.
Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

0
0
232

Осы тақырып бойынша