Перейти к содержимому
seri.jigit

seri.jigit

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

733

жазбалар

533

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

5

Мэлс Елеусізовтің депутат баласы қағаздан бір сөзді оқи алмай, боқтап жіберді

"Противоэпизоотические" деген сөзді айта алмады ғой.

Демек, өз баяндамасын өзі жазбаған.

Алматы мәслихатының депутаты отырыс кезінде боқтық сөз айтты.

Тимур Елеусізов "противоэпизоотические" сөзін айта алмай, артынан боқтап жіберді", - деп жазады https://t.me/patriot_patriot.

Біздің қоспағымыз, ол бұдан басқа сөздерді де шатып-бұтып әрең оқыды ғой.

Депутат артынан осы қылығы үшін кешірім сұрап, айыбын төлейтінін айтыпты. Енді одан не пайда? Деңгейі белгілі болып қалды емес пе?

Айта кетейік, Тимур Елеусізов - белгілі қоғам қайраткері, эколог Мэлс Елеусізовтің ұлы.

Ал видеоны мына жерден көруге болады.

0
0
323

Еліміздің заңдарына зорлық-зомбылыққа қатысты 70 түзету енгізу көзделген

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жазаны қатайтуды қарастыратын заң жобасы жөнінде пікір білдірді.Фото: akorda.kz"Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды. Онда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін шешудің жан-жақты тәсілдері қарастырылған. Бұл құжат Президенттің былтыр күзде жариялаған Жолдауын жүзеге асыру аясында әзірленді. Жалпы, осы жобаға сәйкес түрлі заң актілеріне 70 түзету енгізу көзделіп отыр. Соның ішінде, отбасыларға көмек көрсету инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған өзгерістерді, сондай-ақ тұрмыс саласындағы қылмыстар және балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылықтың барлық түрлері үшін жазаны күшейтуді атап өтуге…

0
0
264

Мәжіліс мәселені әлі қарап жатқанда, тағы кәмелет жасына толмаған қыз зорланды

Мәжіліс депутаттары әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа, соның ішінде педофилияға қарсы жазаны күшейтуді қарастыратын заң жобасын бүгін ғана бірінші оқылымда мақұлдаған еді. Енді прокурорлар Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында кәмелет жасына толмаған қызды өз үйінде бірнеше ер адам зорлағанын хабарлап отыр.Оқиға былай болған: Әйелге спирттік ішімдік ішуге келген достары кейін оның қызын зорлапты. Облыс прокурорының аға көмекшісі Виктор Найданың ойынша, бұл қылмыстың алдын алуға болар еді. Бірақ кәмелет жасына толмағандармен жұмыс жөніндегі комиссия өз міндетіне жүрдім-бардым қараған."Бұл қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Осы оқиғаның алдында бір ай бұрын мектеп аудандық әкімдік жанындағы кәмелет жасына толмағандар жөніндегі комиссияға ішімдікк…

0
0
266

Отандық трансвеститтер құтыра бастапты. Ал клуб белгілі шенеунікке тиесілі дейді

"Астанада отандық трансвеститтер елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап сұмдық мерекелік кеш ұйымдастырды. Білетіндер бұл клуб бір танымал шенеунікке тиесілі екенін айтады.

Нұртас Адамбайды көзін жауып, айтпай осы жерге кіргізіп жіберу керек", - деп жазыпты @egovpress.

0
0
212

Қазақ ұлдары арасынан шыққан алғашқы балет бишісі кім екенін білесіз бе?

Иә, білесіз бе? Біз осы күнге дейін білмей келіппіз. Оны енді төмендегі жазба арқылы тани аласыз....Бір орайы келгенде орнымнан тұрып, Саятқа (Медеуов - ред.) “Алмас Бекбосынов деген есім сізге таныс па?” деп сауал тастадым. Отырғандардың ешқайсысы естімеген боп шықты. Қысқаша айтып бердім. Себебі 2017 жылы телеарнада істеп жүргенде қазақтан ерлер арасынан шыққан тұңғыш кәсіби балет бишісі туралы бірнеше сюжет жасағанмын. Біз балет бишісі десе БолатАюхановты айтамыз. Соғыстан кейінгі жылдары АҚШ-қа барып, көкпар биін билеп, америкалықтарды таңғалдырған қазақ жігіті кім еді?Алғашқы 10 минуттық зерттеу репортажынан кейін редакцияға көп қоңырау соғылды. Тіпті Кенен ауылынан бір ақсақал келіп, біздің түсіру тобымызды және өнер зерттеушісі Айдар Жорановты ауылға қонаққа шақырды. Жамбыл облысы…

0
0
241

Тоқаев: «Сіздер өмір базарына енді келген, ал біз қайтып бара жатқан адамдармыз»

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты. Онда Президент жастарды мемлекеттік қызметке тартуға қатысты көптеген мәселелерді қозғады.Ол өскелең ұрпаққа зор сенім артатынын жеткізді. Және де экономикада, мемлекеттік қызметте немесе басқа секторда жұмыс істеп жүрген жастарға қолдау білдіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын атап өтті.«Сіздер өмірдің базарына енді келген, ал біз қайтып бара жатқан адамдармыз. Бұл – қалыпты дүние. Уақыты келгенде, сіздерге жол береміз. Біз зейнетке шығамыз, орнымызға сіздердей жалынды жастар келеді. Бірақ сіздер туған елге, Отанға қызмет етуге дайын болуларыңыз қажет. Өйткені күрделі заманға тап келіп тұрмыз. Көптеген қиындықтарды бастан өткеріп жатырмыз», – деді Президент.Мемлекет басшысы Президенттік…

0
0
254

Түркістан облысында көрде тұратын әже табылғанын көрсететін видео тарады

Instagram-дағы dudoser_kzz  парақшасына сұмдық видео жарияланды. Онда бір ер адам Шардара маңынан көрде тұратын апа табылғанын айтады.

«Біз көрде тұратын бір апаға келдік. Шардарадан 17 шақырым жерде айдалада тұрады судың жағасында. Енді о кісінің үйін көрсеңіздер, көрде тұрады. Апаның өзі міне. Әңгіме қазақ емес, орыс емес, өзбек емес, адам ғой. Адамдық қасиеттен айырылмауымыз керек. Жатқан жері мынау бірінші үйі. Кәдімгі көр. Дала минус 5 градус», – дейді әлгі видеодағы адам.

Бейнеролик кеше жарияланған. Әжейдің бұл видеоға түсірілгеннен кейінгі жағдайы бізге белгісіз.

Тек ulasova.aika есімді желі қолданушысы: «Ауруханаға жатқызылып емделді. Қазір баспана берді-ау» деп жазған.   

Видеоны мына жерден көруге болады.

0
0
663

Итті тепкені және полицияға бағынбағаны үшін жазаланды

Қостанайда итті тепкен мас азамат полицейге бағынбағаны үшін қамауға алынды.Үйлердің бірінің кіреберісінде үш азамат болды. Осы сәтте анасы мен қызы өздерінің итімен жоғарғы қабаттан төмен қарай түсіп келе жатты.Ит алға қарай жүгіріп, адамдарға үре бастады. Ер адамдардың бірі итті аяғымен теуіп, ит қабырғаға ұшып кетті. Ит иесі полицияға жүгінді.Оқиға орнына келген учаскелік полицей олардан алкогольдің өткір иісі шыққанын байқап, медициналық куәландырудан өтуді талап етті. Алайда итті тепкен азамат полицейдің заңды талабына бағынбай, өзін агрессивті ұстап, балағат сөйлеген. Содан полицей самбо әдісін қолданып, үшеуін медициналық куәландыруға жеткізді.Итті тепкен азамат қамауға алынды. Үшеуі де жауапқа тартылды.Жануарға қатыгездік көрсеткен азамат 18 мың теңге айыппұл арқалады. Заңға бағын…

0
0
173

Павлодар облысында іздеу-құтқару жұмысына тікұшақ тартуға тура келді

19 ақпанда Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылының маңында 1981 ж.т. азамат жоғалып кетті, ол қарда жүретін көлікпен балық аулауға шығып оралмаған.

ТЖД күштерімен әуеден барлау кезінде Ақтоғай ауылынан 10-15 км жерден жоғалған адамның денесі табылды.
Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, кинологиялық есептоп, ТЖМ әуе кемесі, ЖАО, полиция және жергілікті тұрғындар жұмылдырды.

@press_TJM

0
0
184

Атырау мұнай өңдеу зауытының басшысы боқтап сөйлегені үшін кешірім сұрады

Ғалымжан Жусанбаев ерте таңда келіп, өзі басқаратын кәсіпорынды тексеріп шыққан.

«Атырау МӨЗ бас директоры Ғалымжан Жусанбаев сын мен әшкерелеу көбейіп кеткеннен кейін кәсіпорында экскурсия жасап, боқтай жүріп онда болып жатқан барлық былықтарды көрсетіп шыққан. Оның содан кейінгі шұғыл ақталуына назар аудармай-ақ қойыңыздар», – деп жазыпты @egovpress.

Ал Жусанбаев ақталған видеосында бүй дейді:

«Осындай жағдай болғаны үшін кешірім сұраймын. Мен ұрыларға, жемқорларға солай сөйледім. Мені нашақор дейді. Таңғы сегізден түнге дейін жұмыста отырамын. Олар мені офисте отырып ішеді дейді. Маған әдейі жасап, олқылықтар тудырады». 

Ал видоены мына жерден көруге болады.

0
0
249