Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Атырау мұнай өңдеу зауытының басшысы боқтап сөйлегені үшін кешірім сұрады

Ғалымжан Жусанбаев ерте таңда келіп, өзі басқаратын кәсіпорынды тексеріп шыққан.

«Атырау МӨЗ бас директоры Ғалымжан Жусанбаев сын мен әшкерелеу көбейіп кеткеннен кейін кәсіпорында экскурсия жасап, боқтай жүріп онда болып жатқан барлық былықтарды көрсетіп шыққан. Оның содан кейінгі шұғыл ақталуына назар аудармай-ақ қойыңыздар», – деп жазыпты @egovpress.

Ал Жусанбаев ақталған видеосында бүй дейді:

«Осындай жағдай болғаны үшін кешірім сұраймын. Мен ұрыларға, жемқорларға солай сөйледім. Мені нашақор дейді. Таңғы сегізден түнге дейін жұмыста отырамын. Олар мені офисте отырып ішеді дейді. Маған әдейі жасап, олқылықтар тудырады». 

Ал видоены мына жерден көруге болады.

0
0
250

Осы тақырып бойынша