Перейти к содержимому
syrym.nurotan.kz

Сырым аудандық филиалы

@syrym.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 22 қыркүйекКазахстан

"AMANAT" партиясы Сырым аудандық филиалының Facebook, Instagram парақшасына тіркеле кетіңіз!!! https://www.facebook.com/amanatsyrym/ https://www.instagram.com/amanat_syrym/?hl=ru

рейтинг

250

жазбалар

459

пікірлер

0

тіркелуші

12

жазылымдар

12

«Жер аманаты» комиссиясы жұмысы тоқтамайды

Аудандық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясы жергілікті жауапты мекемелермен бірлесе отырып, өткен 2022 жылы жер учаскелерін мақсатсыз пайдаланған 27 шаруа қожалығынан барлығы 17110 гектар жер учаскесін (жайылымдық – 12117 гектар, шабындық – 1800.0 гектар, егістік– 3155.0) анықтап, мемлекет меншігіне қайтарып отыр. Сонымен қатар 8 жер пайдаланушыға қатысты 5125 га ауылшаруашылығы жерлерін пайлаланудың заңдылығы бойынша тексеріс жүргізу үшін облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолдап отыр.Ал, 2023 жылға 7 мың гектар жайылымдық жерлер қайтарылуы болжанса, соның өткен бірінші тоқсанда - 300 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.. Яғни жоспарланған меженің әзірге тек 4%-ы. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.Жалпы партия филиалы жанындағы комиссияның басты мақсаты па…

0
0
319

Кедергісіз келешек

Жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, аудандық партиялық бақылау тобы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өкілдерімен бірге Жымпиты ауылында мәдениет нысанына барып мониторинг жүргізді. Сараптама қорытындысы бойынша аудандық мәдениет үйі ғимаратының сахнасына мүгедек жандар үшін қайтадан бейімдеу керек екені ескертілді. Аталған нысанның есіктері мен әжетхана бөлмелерінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай жасалған. Зағип жандарға арналған брайль қаріптер, пандустар мен тіреуіштер стандартқа сай. #AMANAT

0
0
307

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен шаралар жалғасын таппақ..

Қазіргі кезеңде сыбайлас жемқорлықты еңсеру ел дамуының аса маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Сондықтан жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру жолымен жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғам болып ат салысуымыз керек. Осы бағытта аудандық партия филиалының төрағасы Талғат Мұратұлы Даргужиев Сырым аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен №14 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, қоғам дертіне айналған – жемқорлықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Шара барысында партия филиалының төрағасы қатысушыларға парақорлық мемлекеттің болашағына балта шабатындығын айтып, жемқорлықтың алдын алу мақсатанда атқарылып жатқан шараларға тоқталып өтті.Сондай-ақ Сырым ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қо…

0
0
306

Штаб мүшелері жетікөлдік ағайынмен кездесті

Штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарына тоқталып, халық тұрмысын арттыру, еңбек адамын дәріптеу шараларын талқылады.

Кездесу барысында штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Жүздесу аясында ауыл тұрғындарына а алдағы науқанның маңыздылығы мен партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен түсіндірілді. Аймақтағы өткір мәселелер көтеріліп, шешу жолдары пысықталды.

Штаб мүшесі қатысушылардың қойған әлеуметтік бағыттағы мәселелерге қатысты сұрақтарына толыққанды жауап беріп, ұсыныстар мен өзекті өтініштер назарға алынатынын, ол бойынша партия жүйелі жұмыстар жүргізуге ниетті екенін жеткізді.

#AMANAT2023

#дауысберamanat2023

#ДауысберAmanat2023

0
0
265

«AMANAT» партиясының сайлауалды штабы Батыс Қазақстан облысында үгіт-насихат жүргізуде

«AMANAT» партиясының сайлауалды республикалық штабының мүшесі, «Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің жетекшісі Тимур Жұмырбаев және партиялық тізім бойынша ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаттығына кандидат Ербол Салықов, облыстық мәслихатқа кандидаттар Мирболат Құрманғалиев, Мұратбек Мұхамбедиев, Шаттық Өтебалиева, Архат Исламғалиев Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданына барды.Олар алдымен аудан орталығында болып, жергілікті бюджеттік мекеме қызметкерлерімен кездесті.– Партия әлеуметтік салаға басымдық береді. Облыста жыл сайын мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылады. «Педагогтардың мәртебесі туралы» заң қабылданғаны секілді енді әлеуметтік сала мен медицина қызметкерлерінің беделін арттыру көзделіп отыр, – деді Ербол Салықов.Сайлауалды штаб мүшелері кездесуде айтылған ұсыныс-тілектер ескері…

0
0
463

3000 кубик рубиктан «AMANAT» партиясына арналған бейне құрастырылды📷

Бейнені құрастыру 6-7 сағатқа созылды. ⠀ 📷Қазақстандық спидкубинг федерациясынң президенті Әлихан Ертұрсын: «Сайлауалды науқан кезінде өз тарапымыздан қолдауды «креативті» түрде танытайық деп шештік. Біз құрастырған бейне «Керуен» сауда орталығында 3 күн орналасатын болады. Баршаңызды келіп, тамашалауға шақырамын». ⠀ #ЖастарРухы #AMANAT2023

0
0
196

Кандидаттардың үгіт жұмыстары жалғасуда

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Ғанимат Нурмухановтың сенімді өкілдері Жымпиты ауылы тұрғындарына кандидаттың үгіттік баспа материалдарын таратып, 19 наурызда дауыс беріп, үміткер Нурмухановты қолдауға шақырды.

0
0
158

Кандидат Нұрмұқанов орман шаруашылығы мекемесiнiң қызметкерлерімен кездесті

Кездесу барысында кандидат сайлауалды бағдарламасын таныстырып, тұрғындардың ұсыныстарына құлақ түрді.

Ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген төмендегідей мәселелер көтерілді:

1. Масайтөбе ауылындағы үйлерді газдандыру қажет.

2. Ауылға қатынау үшін автобус маршрутының сапасын қадағалау.

3. Бөрлі ауылына жаңадан мектеп ғимаратын салу.

4. Көшелерді асфальттауды жалғастыру.

5. Ауыл амбулаториясы ғимаратын күрделі жөндеу.

6. Электр желісінің тозуына байланысты күрделі жөндеу жүргізу.

7. Ауылдың малы жайылатын жерлерді заңдастыру.

0
0
210

Үгіт-насихат жұмыстары жымпитылықтармен

Кездесу барысында штаб жетекшісі партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Штаб жетекшісі кез келген өтініш-тілек пен арыз-шағым назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, партияның сайлауалды бағдарламасы халық тарапынан ұсыныстарын негізінде дайындалғанын жеткізді. «Қазіргі таңда ауданның ірілі-ұсақты барлық елді мекендерінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Ал «AMANAT» партиясы бұл жұмыстардың бел ортасында жүр. Біз әрбір тұрғынның талап-тілегін тыңдап, бақылауға алып келеміз. Алдағы уақытта да қарапайым халықтың мұң-мұқтажын ескереміз, - деді Талғат Мұратұлы.

#AMANAT2023

#ДауысберAmanat2023

0
0
231