Кандидат Нұрмұқанов орман шаруашылығы мекемесiнiң қызметкерлерімен кездесті
Кездесу барысында кандидат сайлауалды бағдарламасын таныстырып, тұрғындардың ұсыныстарына құлақ түрді.
Ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген төмендегідей мәселелер көтерілді:
1. Масайтөбе ауылындағы үйлерді газдандыру қажет.
2. Ауылға қатынау үшін автобус маршрутының сапасын қадағалау.
3. Бөрлі ауылына жаңадан мектеп ғимаратын салу.
4. Көшелерді асфальттауды жалғастыру.
5. Ауыл амбулаториясы ғимаратын күрделі жөндеу.
6. Электр желісінің тозуына байланысты күрделі жөндеу жүргізу.
7. Ауылдың малы жайылатын жерлерді заңдастыру.

