Үгіт-насихат жұмыстары жымпитылықтармен
Кездесу барысында штаб жетекшісі партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Штаб жетекшісі кез келген өтініш-тілек пен арыз-шағым назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, партияның сайлауалды бағдарламасы халық тарапынан ұсыныстарын негізінде дайындалғанын жеткізді. «Қазіргі таңда ауданның ірілі-ұсақты барлық елді мекендерінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Ал «AMANAT» партиясы бұл жұмыстардың бел ортасында жүр. Біз әрбір тұрғынның талап-тілегін тыңдап, бақылауға алып келеміз. Алдағы уақытта да қарапайым халықтың мұң-мұқтажын ескереміз, - деді Талғат Мұратұлы.
#AMANAT2023
#ДауысберAmanat2023


