Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен шаралар жалғасын таппақ..

Қазіргі кезеңде сыбайлас жемқорлықты еңсеру ел дамуының аса маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Сондықтан жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру жолымен жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғам болып ат салысуымыз керек. Осы бағытта аудандық партия филиалының төрағасы Талғат Мұратұлы Даргужиев Сырым аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен №14 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, қоғам дертіне айналған – жемқорлықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында партия филиалының төрағасы қатысушыларға парақорлық мемлекеттің болашағына балта шабатындығын айтып, жемқорлықтың алдын алу мақсатанда атқарылып жатқан шараларға тоқталып өтті.

Сондай-ақ Сырым ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Арман Қыдырсихов ұжымдық жиналыстарда әрдайым жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстарының жүргізлетіндігін айтты.

#AMANAT

0
0
307

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен шаралар жалғасын таппақ.. - Yvision.kz