"ЭКСПРОМТ - КЕЗДЕСУ" өткізді.
үміткер А.Мурзағалиев пен сенім білдірген өкілі А.Мергенов Қызылағаш ауылында орналасқан "Жайсан" шаруа қожалығына барып "ЭКСПРОМТ - КЕЗДЕСУ" өткізді.
@syrym.nurotan.kz
"AMANAT" партиясы Сырым аудандық филиалының Facebook, Instagram парақшасына тіркеле кетіңіз!!! https://www.facebook.com/amanatsyrym/ https://www.instagram.com/amanat_syrym/?hl=ru
рейтинг
250
жазбалар
459
пікірлер
0
тіркелуші
12
жазылымдар
12
рейтинг
250
жазбалар
459
пікірлер
0
тіркелуші
12
жазылымдар
12
үміткер А.Мурзағалиев пен сенім білдірген өкілі А.Мергенов Қызылағаш ауылында орналасқан "Жайсан" шаруа қожалығына барып "ЭКСПРОМТ - КЕЗДЕСУ" өткізді.
Партияның сайлауалды бағдарламасымен барша ағайын таныс деп есептеймін. Жаңалыққа толы жақсылықтары мол, көптеген реформалық өзгерістерге әкелетін сайлаудың берері мол болмақ.Маған ватсап желісі бойынша төмендегідей ұсыныстар келіп түсті. Ұбанов Самат Аралтөбе ауылының мәдениет қызметкері, Қойбағарова Әлия Аманкелдіқызы Тасқұдық ауылдық мәдениет үйінің әдіскері; Домбыра үйірмесі бар жерлерге аспаптармен қамтамасыз ету және баян аспабын қажет десе, Дүйсенбаева Жанар Жаубайқызы Жосалы ауылынан би үйірмесінің кастюмдары мен ауылдық жерлердегі мәдениет үйлерінің сахналары да тозығы жетіп тұрғанын айтады. Алмас Есмұхан баурымыз Тоғанас ауылына мәдениет үйі керек депті. Мейірман Мәлікұлы Жамбыл ауылынан Құлпытас құпиялары тезірек зерттеліп қолға алынса және аяқсыз қалмаса деп ұсыныс айтыпты. Ал…
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мерекесіне орай және сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында 14,15 желтоқсан күндері Құспанкөл,Қарағанды,Сегізүй ауылдарында болып тұрғындармен кездесіп қайттым.Тұрғындарды мазалайтын сұрақтардың дені сайланып алған депутаттың сол ауылға келесі сайлауға дейін ат ізін салмайтыны екен,маған да солардың қатарынан емессің бе дегені
Сегізүй ауылының тұрғыны Ұ.Исламғалиева анамыз (өздігінен жүре алмайды) ауылға дәрігер керек десе т.б тұрғындар газ,жол,ауылды жарықтандыру жайлы әңгіме қозғады.Құспанкөл мен Қарағанды ауылдарындағы өзекті мәселенің бірі жазғы мал жайылымы кезінде бақташы таба алмай қиналады екен.Алдағы күндері амандық болса әлі де ел ішінде көбірек болу ойда бар.
Сенімді өкілдерім Е.Аманжолұлы мен Б.Санаққызы Жымпиты ауылы мен Құспанкөлде ауыл тұрғындарымен кездесіп сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен қатар елдің де талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдауда.
,,Nur Otan" партиясының сайлау алды бағдарламасын таныстыру мақсатында үгіт -насихат жұмыстарымен Алғабас ауылында болдым. Жасы үлкендер өз алдына бір төбе " дегендей жастық шақтарында туған ауылдарының өсіп-өркендеуіне арнап еңбек еткен,бүгінде зейнеткерлік жастағы әр сала өкілдері (малшы,шопан,дүкенші, аспаз,кадр бөлімі басшысы) аға-апаларымызбен (Марабаев А,Оңайбеков С,Сатова Қ,Марабаева А,Ақжанов Ж)жүзбе-жүз кездесіп,ұсыныс-тілектерін тыңдадым.Алғабас тұрмысқа қолайлы,барлық жағдайы жасалған (газ,жарық,жол,желілік байланыс) ауыл.Жастардың басым бөлігі барып-келіп вахталық ауысымда жұмыс жасайды,мал бағып,құс өсіріп т.б өз кәсібін бастағысы келетіндерге мемлекеттік бағдарламалар бойынша берілетін несиелерді әлі де қол жетімді болуына жағдай жасаса дейді ауыл үлкендері
ҚР Президенті Құрмет грамотасының иегері,Мәдениет саласының ардагері, зейнеткер Т.Есмұхановтың шаңырағында болып ,,Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып,ұсыныс -тілектерін тыңдап шықтым.Ағамызды мазалайтын көкейтесті мәселенің маңыздысы кезінде атағы жер жарған (,,Правда" газеті атындағы совхоз) қазіргі Тоғанас ауылында мәдени нысан мен балабақшаның жоқтығы екен
Жаңа-Өңір деп атайды жас ауылды,Ірге қосып біріккен жас қауымды,- деп басталатын ән болушы еді біздің бала күнімізде.Сонау 80-ші жылдардың басында ,,Қызыл-Ақырап" колхозының орталығы болып құрылып атағы жер жарған ауылда қазір саусақпен санарлықтай үй қалған.Шағын кітапхана мен медпункт жұмыс жасап тұр,бұдан басқа жұмыс көзі жоқ,тек жеке малын бағып отырған еңбекші жұрт.,,.Сексеннің сеңгіріне шыққан кейуана он алты құрсақ көтерген соның тоғызын жер қойнына берген,жетеуінен (үш ұл,төрт қыз) тараған ұрпақтарының қызығын көруде.Осы көргеніне шүкіршілік етіп отырған әжеміз сайлау күні жетекші партияға дауыс беретінін айтумен қатар ұсынысын да жеткізуімізді сұрады.Ауылдағы байланыстың нашарлығы,ауыз су мәселесі мен мектеп ғимаратының (бала саны жетпеуіне байланысты жабылып қалған) бұзылып кетп…
Қазақстан Республикасының Конституцияның 27 бабы 2 тармағына сай сайлау алдындағы саяси партиялардың үгіт насихат науқаны 2020 жылдың 10 желтоқсан күнінен басталды. "NurOtan" партиясынан кандидаттар қатарындамын. 14 желтоқсан күні Болғанай әже ауылдың ең қарт тұрғыны болып есептеледі. Тыл ардагері. Әңгіме барысында әженің қал-жағдайын сұрап, алда сайлау келе жатырғанын, "NurOtan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырдым. Әңгіме соңында әже батасын берді. Сол күні ауылдың тұрғыны, зейнеткер, медицина саласының ардагері Хасанова Ақлима апайдың үйіне бардым. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, дауыс беруге шақырдым.
Әңгіме барысында қазіргі қоғамдағы әйелдердің ролі, жастар саясаты, денсаулық сақтау бойынша проблемалары қозғалды. Зейнеткер ұстаз Доскулова Нұргүл Аронқызы білім саласында болып жатырған өзгерістер мен жаңалықтарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта мұғалімдерді ерте жастан зейнетке шығару туралы ұсынысын берді. 2021 жылдың 10 қантар күні сайлауға қатысып, "NurOtan" партиясына өз дауыстарын береміз деп уәделерін берді.
Сырым белсенділері