Есіктен-есікке
,,Nur Otan" партиясының сайлау алды бағдарламасын таныстыру мақсатында үгіт -насихат жұмыстарымен Алғабас ауылында болдым. Жасы үлкендер өз алдына бір төбе " дегендей жастық шақтарында туған ауылдарының өсіп-өркендеуіне арнап еңбек еткен,бүгінде зейнеткерлік жастағы әр сала өкілдері (малшы,шопан,дүкенші, аспаз,кадр бөлімі басшысы) аға-апаларымызбен (Марабаев А,Оңайбеков С,Сатова Қ,Марабаева А,Ақжанов Ж)жүзбе-жүз кездесіп,ұсыныс-тілектерін тыңдадым.Алғабас тұрмысқа қолайлы,барлық жағдайы жасалған (газ,жарық,жол,желілік байланыс) ауыл.Жастардың басым бөлігі барып-келіп вахталық ауысымда жұмыс жасайды,мал бағып,құс өсіріп т.б өз кәсібін бастағысы келетіндерге мемлекеттік бағдарламалар бойынша берілетін несиелерді әлі де қол жетімді болуына жағдай жасаса дейді ауыл үлкендері
