Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тікелей эфир өтті

Партияның сайлауалды бағдарламасымен барша ағайын таныс деп есептеймін. Жаңалыққа толы жақсылықтары мол, көптеген реформалық өзгерістерге әкелетін сайлаудың берері мол болмақ.

Маған ватсап желісі бойынша төмендегідей ұсыныстар келіп түсті. Ұбанов Самат Аралтөбе ауылының мәдениет қызметкері, Қойбағарова Әлия Аманкелдіқызы Тасқұдық ауылдық мәдениет үйінің әдіскері; Домбыра үйірмесі бар жерлерге аспаптармен қамтамасыз ету және баян аспабын қажет десе, Дүйсенбаева Жанар Жаубайқызы Жосалы ауылынан би үйірмесінің кастюмдары мен ауылдық жерлердегі мәдениет үйлерінің сахналары да тозығы жетіп тұрғанын айтады. Алмас Есмұхан баурымыз Тоғанас ауылына мәдениет үйі керек депті. Мейірман Мәлікұлы Жамбыл ауылынан Құлпытас құпиялары тезірек зерттеліп қолға алынса және аяқсыз қалмаса деп ұсыныс айтыпты. Ал Жакен Маева кадр мәселесін көтерді. Орынды атылған ұсыныстарды партияның филиалы арқылы орталық аппаратқа жететін болады. Биылғы сайлаудан барша қазақстандықтар көп үміт күтеді. Жақсы күндеріміз көп болсын.

0
0
113

Осы тақырып бойынша