Тоқаев, Жапаров және Мирзиеев Ыстықкөлде бейресми кездесу өткізді
Мемлекеттер басшылары Ыстықкөлде теплоходпен серуендеу барысында елдер арасындағы өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар мәселе жөнінде пікір алмасты.
Тоқаев пен Мирзиеев сәрсенбіде 21 шілдеге жоспарланған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпон-Атаға келді. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан басшылары аймақтық интеграцияның келешегін әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық жағдай аясында қарастырады деп күтіледі. Саммит қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қою жоспарланған.
Фото алынды tengrinews.kz