«Nur Otan» партиясы Тараз туризмінің екінші тынысын ашуға ықпал етеді
«Nur Otan» партиясынан Тараз қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Орынқыз Жолдасова, Әсет Ахатаев, Жасұлан Бүлдеш «Есіктен-есікке» акциясы аясында Тараз қаласындағы «Жансая» мөлтек ауданның тұрғындарымен кездесіп, оларға «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.Кандидаттар бас партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» деп аталатын сайлауалды бағдарламасындағы Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жасалатын шаралар мен мүмкіндік жөнінде айтты.– Сайлауалды бағдарламадағы облыс орталығын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуда туризм саласын ілгерілетуге басымдық берген. Сондықтан келер жылы Тараз қаласындағы «Тектұрмас» этно-тарихи кешені, «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені, «Көне Тараз»…