«Nur Otan» партиясының қолдауымен Қордайда 2 су қоймасы салынады
«Nur Otan» партиясы Қордай аудандық сайлауалды штаб төрайымының орынбасары Нұржан Молдабеков бастаған үгіт-насихат тобы Қарасай ауылдық клубына тұрғындарымен және ауыл шаруашылығы саласы өкілдерімен кездесті.
Жиында бірінші кезекте партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасы аясында Қордай ауданында 2015-2019 жылдардағы атқарылған жұмыстар баяндалды.
Аталған бағдарлама шеңберінде Қордай ауданында кһп жұмыс атқарылды. Бүгінгі таңға дейін аудан бойынша жалпы ұзындығы 7,4 шақырым болатын жаңа жолдар салынды. Сонымен қатар 343,6 шақырым жол орта жөндеуден өтті. Оның ішінде Қарасай ауылындағы көшелер де толықтай асфальтталды. Ауылдағы №20 орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сай Қарасай-Еңбек тас жолына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2021 жылы Қарасай ауылдық округіндегі «Қырғау» кен орнында «Алатау Қордай» жауапкершілігі жобалық қуаты жылына 1500 кг құрамында алтын бар кенді игеріліп, орталықтандырылған ауыз су құбыры мен газ құбырын тарту жұмыстары жоспарда бар.
Мұнан бөлек Қордай ауданында 2 су қоймасы салынады. Сондай-ақ, емханасы бар орталық аудандық аурухана мен 3 өрт сөндіру бекеті құрылып өз жұмысын бастайтын болады. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы жүйелі жоспарын өз деңгейінде іске асыру үшін алдағы сайлауда сіздерді «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырамын, –деді Нұржан Молдабеков.
Кездесуде ауыл тұрғындары атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, көкейінде жүрген сауалдарын жолдап, тиісті жауап алуға да мүмкіндік алды.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.
Сайлау-2021
