Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясының облыстық сайлауалды штабы Сарысу, Талас, Жамбыл аудандарында іссапармен болды

«Nur Otan» партиясының облыстық сайлауалды штабының төрағасы Бағлан Қарашолақов пен штаб төрағасының орынбасары Балабек Нарбаев Сарысу, Талас, Жамбыл аудандарында іссапармен болды. Іссапар кезінде «Nur Otan» партиясының аталған аудандардағы сайлауалды штабының жетекшілерімен және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына кандидаттармен кездесулер ұйымдастырылды. Бұл басқосуларда жергілікті жердегі сайлауалды штабтың жұмысын жетілдіру бойынша әдістемелік көмек көрсетілді. Сондай-ақ кандидаттардың бекітілген желілік кестеге сай үгіт-насихат жұмыстарына қатысуы және әлеуметтік желідегі белсенділіктерін арттыру бойынша да ұсынымдар берілді.

Облыстық сайлауалды штабы дауыс берушілерінің дені ірі өндіріс ошақтарымен бірге шалғайдағы ауылдарда қоныстанған аудандардағы үгіт-насихат жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастыруға баса мән беріледі. Бұл орайда «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейін сайлауалды бағдарламасын әрбір сайлаушыға жеткізу маңызды.

Сол себептен де дауыс берушілермен кездесетін, оларға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына кандитаттарға үлкен жауапкершілік жүктелген. Олардың үгіт-насихат жұмыстарын екі бағытта жүргізуге мән бергені жөн. Оның алғашқысы желілік кестеге сай кездесулер форматында өткізілсе, кейінгісінде әлеуметтік желідегі белсенділігі талап етіледі. Кандидаттардың әлеуметтік желідегі аккаунттарында өткізген шараларының ақпараттық хабарламаларымен бірге үгіт-насихат сипатындағы өзге де посттарды шексіз жариялауға мүмкіндігі бар.

#сайлау_2021

#Нұр_Отанға_Дауыс_Бер

#қиындықты_еңсеріп

#жеңіске_бірге_жетеміз

0
0
313

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясының облыстық сайлауалды штабы Сарысу, Талас, Жамбыл аудандарында іссапармен болды - Yvision.kz