Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партиямыздың 2025 жылға дейін арналған сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары

Партиямыздың 2025 жылға дейін арналған сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарымен таныстыруды жалғастырамыз. Пандемия білім саласына да ауыр тиді. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа оқу жылында 442 мектептің 235-і қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша білім алатын болады, 207 мектеп дәстүрлі түрде білім береді. 235 мектептің 206,9 мың оқушысы отандық білім беру платформаларының көмегімен қашықтықтан оқиды. Орта білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасады. Білім беруде басты назар білім беру 11 сапасын арттыруға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға аударылады. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: 📷 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 92,3%-ға дейін қамтуға қол жеткізу үшін мектепке дейінгі мекемелер желісін кеңейтуге; 📷 4 жаңа мектептің, үш ауысымды 9 мектептің, 2 мектептің қосымша (апатты ғимарат орнына) құрылысына және 77 мектепке күрделі жөндеуге, сондай-ақ №15 орта мектептің асханасын кеңейтуге; 📷 Қосымша білім беру ұйымдар желісін кеңейтуге (2023 ж. Тараз қ.300 орындық оқушылар сарайының құрылысы); 📷 Қашықтықтан оқыту нысаны сақталған жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларын компьютерлік техникамен толық қамту; 📷 Ауылдық орта мектептерді 297 химия, биология, физика жаңа модификациялы кабинеттермен жабдықтау; 📷 Жаңа талаптарды есепке ала отырып, педагогтарды даярлауға, Қосымша білім берумен айналысатын оқушылар санын 37%-дан 39%-ға дейін арттыруға; 📷 Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы түлектерді жұмысқа орналастыруға (76%). Ата-аналармен бірлесіп суицидтік мінез-құлыққа бейім жасөспірімдерді диагностикалауды және түзету жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді. Нәтижесінде ҰБТ-де 100 балл және одан жоғары жинағандар үлесі 18,7%-ден 20%-ға дейін ұлғаяды. #Сайлау_2021 #Нұр_Отанға_Дауыс_Бер #қиындықты_еңсеріп #жеңіске_бірге_жетеміз

0
0
163

Осы тақырып бойынша

Партиямыздың 2025 жылға дейін арналған сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары - Yvision.kz