Құлсары қаласында Жылыой ауданының жұртшылығымен кездесу өтіп, оған 200-ден астам адамның қатысты.
📷📷Штаб мүшелері тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасындағы әлеуметтік, коммуналдық және жол инфрақұрылымы мәселелерін шешуге бағытталған негізгі басымдықтары туралы айтты.📷📷«AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов атап өткендей, ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылады. Осы мақсатта 1 трлн теңге бөлу жоспарланып отыр. Ауыл тұрғындары жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық жеңілдетілген несие рәсімдей алады.📷📷Аманаттықтардың пікірінше, жергілікті мәселелер тұрғындардың ұсыныс-пікірін ескере отырып шешілуі керек. Ол үшін партиялықтар «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңға бастамашы болуды көздеп отыр. Бұл қадам аймақтарға бюджеттік өкілеттіктерді, басқарудың кең мүмкіндігін береді. Ал моноқалаларда шағын және орта бизнесті дамыту үшін партия ұзақ мерзімді ж…

