Солтүстік Қазақстан облысының Жастар ауылына барып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті
«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Солтүстік Қазақстан облысының Жастар ауылына барып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті.
📷📷
Аманаттықтар ауыл тұрғындарына партияның аграрлық саланы дамыту жөніндегі жоспарын жеткізді.
📷📷
Мәселен, 2027 жылдың соңына дейін агроөнеркәсіпте кемінде 500 миллиард теңге сомаға 100-ден астам инвестициялық жоба пайда болады. Бұл жеке инвесторлардың қаражаты мен технологиясының негізінде жүзеге асады. Ал мемлекет жеке бастамаларды қажетті жағдай жасау мен болжамды субсидиялар арқылы қолдайды. Ауыл тұрғындары үшін жемшөптің қолжетімділігі мен жанар-жағармай материалдарын бөлудің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Штаб мүшелерімен әңгімелесу кезінде шаруалар саладағы өзекті мәселелер туралы айтты. Яғни, субсидия алу кезіндегі қиындықтар, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, жеңілдетілген жанар-жағармай материалдарының тапшылығы, инженерлік-коммуналдық желілердің тозуы және сапасыз жол мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлер сүт-тауар фермаларын салудағы өңір тәжірибесін кеңейтуді ұсынды. Мәселен, еліміздегі сүттің 10%-ы осы Солтүстік Қазақстан облысында өндіріледі. t.me/AMANATPartiyasy
