Құлсары қаласында Жылыой ауданының жұртшылығымен кездесу өтіп, оған 200-ден астам адамның қатысты.
📷📷
Штаб мүшелері тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасындағы әлеуметтік, коммуналдық және жол инфрақұрылымы мәселелерін шешуге бағытталған негізгі басымдықтары туралы айтты.
📷📷
«AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов атап өткендей, ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылады. Осы мақсатта 1 трлн теңге бөлу жоспарланып отыр. Ауыл тұрғындары жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық жеңілдетілген несие рәсімдей алады.
📷📷
Аманаттықтардың пікірінше, жергілікті мәселелер тұрғындардың ұсыныс-пікірін ескере отырып шешілуі керек. Ол үшін партиялықтар «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңға бастамашы болуды көздеп отыр. Бұл қадам аймақтарға бюджеттік өкілеттіктерді, басқарудың кең мүмкіндігін береді. Ал моноқалаларда шағын және орта бизнесті дамыту үшін партия ұзақ мерзімді және қолжетімді несие ресурстары мәселесін шешуге ұмтылады. Өмір сүру құндылықтарына сүйене отырып, табысы төмен азамат мемлекеттің кепілдендірілген қолдауымен қамтамасыз етіледі. t.me/AMANATPartiyasy
