Перейти к содержимому
zhanibek.nurotan.kz

Жанибекский филиал

@zhanibek.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 18 қыркүйекКазахстан

Официальный филиал партии "AMANAT" Жанибекского района Западно-Казахстанской области

рейтинг

251

жазбалар

824

пікірлер

0

тіркелуші

8

жазылу

1

Борсы ауылында ақпараттық-насихат тобының мүшелері

2022 жылдың 10 мамырында Борсы ауылында ақпараттық-насихат тобының мүшелері ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың Жарлығына сәйкес ағымдағы жылдың 5 маусымда өтетін республикалық референдум туралы "Борсы" БПҰ мүшелерімен кездесу өтті. Кездесуде ақпараттық-насихат тобының мүшелері Референдум демократиялық даму жолындағы елдің таңдауы және ел өміріндегі аса маңызды шара деп атап өтті. Жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтынын жеткізді.

0
0
170

Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 77-жылдығына орай

Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 77-жылдығына орай партияның "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының «Батыс» бастауыш партияның ұйымының төрайымы Бағида Сарбалина және Туризм және Экология орталығының гитара үйірмесінің тәрбиеленушілері Жәнібек ауылының тұрғыны, тыл ардагері Сәбит Жумағалиевтің шаңырағында болып, Жеңіс күнімен құттықтады.

0
0
193

9 Мамыр - Жеңіс күніне орай

9 Мамыр - Жеңіс күніне орай Жәнібек аудандық мәслихатының хатшысы Т.З.Кадимов және мәслихат депутаты Б.К.Ихсанов «AMANAT» партиясының "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында тыл ардагері Қатима Құбаеваның үйінде болып, Ұлы мейрамына байланысты кейуанаға мерекелік құттықтаулар жеткізді.Сонымен қатар, Берік Ихсанов және Тахир Кадимов тыл еңбеккерінің хал-жағдайын сұрасып, оған естелік сыйлықтарды табыстады. Өз кезегінде Қатима Құбаева ризашылығын білдіріп, барлық аудан тұрғындарына игі тілектерін жеткізді.

0
0
187

"Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында

Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 77-жылдығына орай партияның "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Біржан Қуанәлиев,облыстық мәслихатының депутаты Есқайыр Илемесов Жәнібек ауылының тұрғыны, тыл ардагері Аклима Баянтасованың шаңырағында болып, Жеңіс күнімен құттықтады және шағын сыйлық сыйлады.

0
0
196

"Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында

Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 77-жылдығына орай партияның "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының "Жәнібек" БПҰ төрайымы, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ляззат Садирова Жәнібек ауылының тұрғыны, тыл ардагерлері Анна Шабанованың, шаңырағында болып, мерекемен құттықтады.

0
0
256

Партиялық бақылау шаралары

«AMANAT» партиясының партиялық бақылау шаралары шеңберінде партия мүшелері, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Есқайыр Илемесов, Жәнібек аудандық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Біржан Қуаналиев және Жәнібек аудандық мәслихат хатшысы Тахир Кадимов «Казталов–Жәнібек–РФ шекарасы» республикалық маңызы бар жолында жүргізіліп жатырған күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жұмыстардың мердігері «ТемірЖолЖөндеу» ЖШС өкілі, серіктестіктің осы жол учаскесіндегі филиалының директоры Рүстем Кембаевтың берген ақпаратына сай қазіргі кезде жолдарды қыру және тегістеу, жолға цемент-қиыршық тасты қоспасын төсеу жұмыстары атқарылуда. Бүгіңгі күнге 2 шақырым жолға цемент-қиыршық тасты қоспасы төселді. Жылдың соңына дейін жолдың 34 ша…

0
0
172

Партиялық бақылау жүргізу

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын Жәнібек ауданында іске асыру жөніндегі Жол картасында белгіленген міндеттердің орындалуына партиялық бақылау жүргізу мақсатында аудандық мәслихат депутаттары Тахир Кадимов, Мейіржан Хаби, Райгүл Шагирова «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша Жәнібек ауылының Р.Егізбаев көшесіндегі автожолдың күрделі жөндеу жұмыстарының процесімен танысты. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде мердігер «РСУ» ЖШС болып анықталған, техникалық қадағалаушысы «Алауэкспертинжиниринг» акционерлік компаниясы белгіленген. Келісім шарт бойынша құрылыс жұмыстар 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады деп жоспарлануда. Қазіргі кезде топырақты тығыздау жұмыстары жүргізілуде, қажетті инерттік материалдар толықтай қам…

0
0
223

Қоғамдық қабылдау

Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Облыстық мәслихат депутаты Илемесов Есқайыр Қафарұлы тұрғындарды қабылдады. Қабылдау барысында отбасылы Молдағалиев Ақжайық қабылдауға қысқы мезгілде келіп өзінің тұрып жатқан үйіне газ өткізіп беруге өтініш білдірген болатын. Өз кезегінде Илемесов Е. бүгін көктемнің шығуына байланысты сәтін салып, алдағы уақытта көп кешіктірмей өткізіп беретінін жеткізді. Молдағалиевтар жанұясы ризашылығын білдірді.

0
0
159

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесі

«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» және «Аудандық Ветеринариялық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның сыбайлас жемқорлықпен күрес, оны болдырмау және алдын алу бойынша атқарылған шаралар туралы қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырысқа кеңес мүшелері қатысты.Отырысты «AMANAT» партиясы филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Кадимов Тахир Зинурұлы ашып, жүргізді. Қоғамдық кеңес отырысында түрлі сипаттағы құқық бұзушылықтарды алдын алу және оларды болдырмау бағытында атқарылып жатырған жұмыстар туралы баяндалды. Сыб…

0
0
172

Қоғамдық қабылдау

"AMANAT" партиясы Жәнібек аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық маслихат депутаты Біржан Куаналиев ауыл тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар атаулы әлеуметтік көмек алу және материалдық көмек көрсету мәселелері бойынша сұрақтарымен жолықты. Қоғамдық қабылдауға келген ауыл тұрғындарының мәселелерің шешу жолдарын түсіндіріп берді.

0
0
181