Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партиялық бақылау жүргізу

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын Жәнібек ауданында іске асыру жөніндегі Жол картасында белгіленген міндеттердің орындалуына партиялық бақылау жүргізу мақсатында аудандық мәслихат депутаттары Тахир Кадимов, Мейіржан Хаби, Райгүл Шагирова «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша Жәнібек ауылының Р.Егізбаев көшесіндегі автожолдың күрделі жөндеу жұмыстарының процесімен танысты. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде мердігер «РСУ» ЖШС болып анықталған, техникалық қадағалаушысы «Алауэкспертинжиниринг» акционерлік компаниясы белгіленген. Келісім шарт бойынша құрылыс жұмыстар 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады деп жоспарлануда. Қазіргі кезде топырақты тығыздау жұмыстары жүргізілуде, қажетті инерттік материалдар толықтай қамтылған.

0
0
224

Осы тақырып бойынша

Партиялық бақылау жүргізу - Yvision.kz