Қоғамдық қабылдау
Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Облыстық мәслихат депутаты Илемесов Есқайыр Қафарұлы тұрғындарды қабылдады. Қабылдау барысында отбасылы Молдағалиев Ақжайық қабылдауға қысқы мезгілде келіп өзінің тұрып жатқан үйіне газ өткізіп беруге өтініш білдірген болатын. Өз кезегінде Илемесов Е. бүгін көктемнің шығуына байланысты сәтін салып, алдағы уақытта көп кешіктірмей өткізіп беретінін жеткізді. Молдағалиевтар жанұясы ризашылығын білдірді.

