"Бастауыш-партия негізі" айлығы аясында "Борсы" БПҰ ұйымдастырған "Чемпионмен жаттығу"
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, Батыс Қазақстан облысы бойынша "Nur Otan" партиясы аймақтық филиалдары бастауыш партия ұйымдары арасында өткізіліп жатқан "Бастауыш-партия негізі" айлығы аясында "Борсы" БПҰ ұйымдастырған "Чемпионмен жаттығу" атты көпшілік жаттығу шарасы өткізілді. Шараға партия мүшелері мен ауыл жастары белсенді қатынасты. Шараның басты мақсаты – қалың жұртшылық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды спортпен айналасуға баулу.
#бастауышпартиянегізі2021 #первичкаосновапартии2021 #чемпионменжаттығу







