Жақсылық жасаудан жалықпа
«Қайрымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген жақсы сөз бар. Осындай мақсатпен 16 қараша күні «Онтүстік-шығыс» бастауыш партиясының ұйымдастыруымен «Бастауыш - партия негізі» айлығының аясында Асқар Фатима мен Астафьев Никитаға арналған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге колледж студенттері дайындап әкелген нан-тоқаш өнімдері саттыққа шығарылды. Жәрмеңкеден ақшалай 5 000 теңге қаражат жиналды. Қайырымдылық шарасынан түскен қаражат науқас бүлдіршіндердің арнайы есепшоттарына тең бөлініп аударылады.

