«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын Жәнібек ауданында іске асыру жөніндегі Жол картасында белгіленген міндеттердің орындалуына партиялық бақылау жүргізу мақсатында «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша Жәнібек ауылының Қ.Мусин көшесіндегі автожолдың күрделі жөндеу жұмыстарының процесімен танысты. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде мердігер «Жайық Сити» ЖШС болып анықталған, техникалық қадағалаушысы «Строй Эксперт» акционерлік компаниясы белгіленген. Келісім шарт бойынша жұмыстар 2021-2022 жылдарға қарастырылған. Қазірге кезде 2021 жылға қаралған жұмыстарын аяқтап жатыр. Автомобиль жолының ұзындығы – 1031 метрді құрайды.

