Партиялық бақылау комиссиясы
«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов және партия жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Жәнібек ауылындағы «Канат» ЖШС-нің жұмыс барысымен танысты. Танысу барысында мекеме басшысы Т.Амиргалиев техниканың жағдайымен, қысқа дайындығы жөнінде қысқаша баяндап берді. Мекемеде 2 трактор К-700, 1 трактор Т-150, 2 автогрейдер, 1 кешенді-жол және 1 патрульдік машиналары пайдаланылады. Қыс мезгілінде жолға шашатын инертті материал дайындап қойған. Мекеме басшысы қысқыға толықтай дайын екенін атап айтты.

