ҚАЗАҚ ҺӘМ 4-ШІ ДУМА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ һәм 4 – ші дума» атты «Айқап» журналында жарияланған мақаласы саяси ахуалға толық, қазақ халқының абыройы мен ар – намысын, болашағын үндейтін жазба екені мәлім. Атауы айтып тұрғандай, төртінші думаға қазақ өкілдерінен депутаттар сайлануы жөнінде түйіткілді мәселе қозғалып, халықтың қамын жейтін жандардың қара көз қандастарымыздан болмауы қынжылтатыны баяндалған. Айта кетейік, мемлекеттік дума дегеніміз – Ресей империясында құрылған конситуциялық – монархиялық бағыттағы заң шығарушы орган. Және осы сайлауда қазақ азаматтарының бой көрсетпеуі Ахмет Байтұрсыновтың қалам тартып, өз мақаласына арқау етуге себеп болды. Қазақтың жері мен қым – қуат тірлігін сол аймақта мекен ететін жаннан артық ешкім білмейтіндігін алға тарта отыра, халқымыздың жай…
