Ар-намысы мен қадір-қасиетті қорғау
Мемлекет азаматтың ар-намысын, қадір-қасиетін қорғайды. Заңмен тек үлкеннің ғана емес, кішінің де (баланың) ар-намысы, қадір-қасиеті қорғалады.Еліміздің заңдарымен ар-намысты және қадір-қасиетті қорғау әртүрлі заң салаларымен қамтылған.Қылмыстық кодекстің 131 бабымен қорлауға байланысты қылмыстық жауапкершілік қаралған. Азаматтық кодекстің 143 бабында қамтылған жолдармен, әрбір азамат өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығаруды талап етуге құқылы. Осы аталған баптың ережелері заңды тұлғалардың да іскерлік беделіне нұқсан келтіруге байланысты істерді шешуге де қолданылады. Осы тұрғыдағы істерді шешуге негіз ететін дәлелдемелерді келтіру ерекшеліктері аталған заңда қаралған.Азаматтардың және ұйымдардың (заңды тұ…