Арақ туралы ақиқат
Бірден айтайын пост мазмұны арақты жарнамалау емес, арақ туралы білгенімді бөлісу, ал, ішу-ішпеу әркімнің өз һақы. Жалпы, қазақ қорғамы меніңше бұрынғы жылдарға қарағанда анағұрлым салауатты өмір салтын ұстанады, тек ол күштеу жолымен емес, шынайы үгіт-насихат тәртібімен жүруі қажет. Мысалы, "бәлен ауыл арақтан бас тартты" деп көрсетеді, сосын арақ-шарапты сындырып, төгіп жатады, маған бұл жасанды көрінеді, айналып келгенде ешкім арақ-шарабын тегін бермейді ғой, оны сатып алып, бульдозердің табанына тастауды ұқпадым. Сонымен, тіліміздегі «арақ» сөзі қазіргі таңда (қатты) спирттік ішімдікті білдіреді. Біз білетін Кеңес заманында арақсыз мәселе шешілмейтін, былайша айтқанда валюта десе болар, бір шаруаны істету үшін арақ төлейсің
