Тәуелсіздік күні
16 желтоқсанда Каспи теңізінен Алтай тауларына дейін созылып жатқан қазақ даласына Шығыстан күн шыққанда барша қазақ Тәуелсіздік күнін тойлайды. Бұл күг жәй ғана күнтізбеде белгілей салатын оқиға емес; бұл тарихтың, ұлттық мақтаныш пен бостандыққа ұмтылудың символы.Қазақстанның Тәуелсіздік күнінің біз үшін неге маңызды екенінінің мәнін түсіну үшін тарихқа үңілу керек. Бұл күн, 16 желтоқсан 1991 жылы Қазақстан Кеңес Одағынан тәуелсіздігін жариялаған дәуірлік сәт болды. Батыл шешім халықтың жаңа дәуірін тудырып, болашағын дербес құруға мүмкіндік берді.Тәуелсіздік алу жолында қаншама жүрегі ұлтым деп соққан жас қыршындай қырылды. Қайтсем ұлтым азат болады деген адамдар қазақ елінің тәуелсіздігі үшін талай жылдар күресті. 1991 жылдың 16 желтоқсаны сол азаттықты аңсап өткен алып тұлғалардың ар…


