«AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, аудандық мәслихат депутаты Е.Нарынбаев қабылдау өткізді. Қабылдауға жазылған азаматшаның өтініші бойынша заң аясында түсіндірме жұмысын жүргізді. Қабылдауға жазылған азаматша өз тарапынан алғысысын білдірді.
«AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалы жанындағы баға тұрақтылығын қадағалау мақсатында құрылған мониторингтік топ Жаркент қаласының бірқатар дүкендері, дәріханалары және жанармай құю станцияларына мониторинг жүргізді. Мониторингтік топ мүшелері кәсіпкерлерге тұрақтандыру қорынан тауарлар міндетті болуы және олардың бағасы белгіленген шектен аспауы тиіс екендігін түсіндірді. Сонымен қатар 7 мамырға дейін АЗС "Sinooil" сұйық отынды сату станциясында АИ-92 жанармайы бағасы акция аясында 198 тг төмендеген.
“AMANAT” партиясы Панфилов аудандық филиалы "АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!" партиялық жобасы аясында, Жетісу облыстық маслихат депутаты Сакиова Ризван Абдуликимқызының демеушілігімен Панфилов аудандық маслихат төрағасы Ерғали Отарғалиұлы Шоқпаров және Ауған соғысының ардагері, Панфилов ауданының құрметті азаматы Қожақов Елтай Тұрлықожаұлы 7 мамыр "Отан қорғаушылар" және 9 мамыр " Ұлы Жеңіс күні" қарсаңында округтегі Ұлы Отан соғысы жылдарында аянбай еңбек еткен бірнеше тыл ардагерлердің шаңырақтарына барып, қал сұрасып, ізгі тілектерін жеткізіп, мерекелік сыйлықтарын тапсырды. Тыл ардагерлері де өз кезегінде алғыстарын айтып, ыстық ықыластарын білдіріп, ақ батасын берді!!!
“AMANAT” партиясы Панфилов аудандық филиалы "АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!" партиялық жобасы аясында Жетісу облыстық маслихат депутаты Жалғас Алтынбеков, Жаркент қаласының әкімі Айдар Исаев, “AMANAT” партиясы Панфилов аудандық филиалының төрағасы Ерлан Оспанбаев 9 мамыр "Ұлы Жеңіс күні" қарсаңында Жаркент қаласындағы Ұлы Отан соғысы жылдарында аянбай еңбек еткен бірнеше тыл ардагерлердің шаңырақтарына барып, қал сұрасып, ізгі тілектерін жеткізіп, мерекелік сыйлықтарын тапсырды. Тыл ардагерлері де өз кезегінде алғыстарын айтып, ыстық ықыластарын білдіріп, ақ батасын берді!!!
«AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалы жанындағы баға тұрақтылығын қадағалау мақсатында құрылған мониторингтік топ Жаркент қаласының бірқатар дүкендері, дәріханалары және жанармай құю станцияларына мониторинг жүргізді. Мониторингтік топ мүшелері кәсіпкерлерге тұрақтандыру қорынан тауарлар міндетті болуы және олардың бағасы белгіленген шектен аспауы тиіс екендігін түсіндірді.
Панфилов аудандық мәслихат депутаты Мақсат Ыбраймолдаев азаматтарды қабылдады.
💬Халық қалаулысының қабылдауына 5 азамат келді. Олар түрлі мәселе бойынша арыз-шағымын айтты.
Бірі несиені алуға көмек сұраса, бірі қайтарымсыз жастар грантын қалай алу жолын сұрады. Сондай-ақ, жастарға жазғы маусымдағы жұмыстарға сұраныс сұрады.
Өз кезегінде, депутат аталған мәселелер бойынша тиісті жұмыс жүргізілетінін жеткізді.
«AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, аудандық мәслихат депутаты Раушангүл Оспанова қабылдау өткізді. Қабылдауда болған азаматтардың сұрақтары мен өтініші бойынша заң аясында түсіндірме жұмысын жүргізді. Қабылдауға жазылған азаматтар өз тарапынан алғысысын білдірді.
🔰Биыл сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» бекітілді.
Ауыл тұрғындарының жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несие алуына, кооператив құру және техниканы лизингке ресімдеу кезінде көмек алуына мүмкіндік пайда болады. Осы бағдарлама аясында партия Үкіметпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда. «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты – ауыл тұрғындарына табысын, әл-ауқатты мен өмір сүру сапасын арттыруға көмектесу.
🔰Бүгін «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалы ғимаратында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ашық есік күні өтті. Жиынға «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалының төрағасы Ерлан Оспанбаев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Панфилов аудандық филиалының директоры Ерлан Нарынбаев, Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің маманы Қуандық Мұсабеков, Ауылшаруашлық бөлімінің маманы Ибрагимов Амангелді қатысты. Жиын барысында ауыл тұрғындарына жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несие жөнінде толығырақ ақпараттар айтылып, кеңестер берілді.
«Ауыл Аманаты» жобасының мақсаты - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын агробизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу болып табылатындығы жеткізіліп, аталған жоба бойынша келген аудан тұрғындарын толғандырған сұрақтарына жауап берді
Бүгін “Қасірет” мемориалында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті. Боздақтарды еске алу, құрмет көрсетуге «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалының төрағасы бастаған облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, барша партияластар, жастар қанаты, қала тұрғындары жиналды.
📌31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық.
Жиналғандар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Саяси-қуғын сүргінге ұшыраған марқұмдарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
«AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Жауынгерлік Даңқ» мұражайында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Нәубет» атты дөңгелек үстел өтті. 31мамыр Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын - сүргін және миллондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық. Саяси қуғын - сүргін күні Ұлт теңдігін жалау еткен, қазақ халқының жарқын болашағы үшін, тәуелсіз ел болуы жолында жанын пида еткен шаһид ұлдарына - Алаш қайраткерлерінің рухына бағышталады.
Шара барысында сөз алған жерлес ақын ағамыз, тарихшы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Солтанаев Молот Мұсаұлы, Д. Рақышев атындағы орта мектептің тарих пәнінің ұстазы Есбатырова Назгүл Тілеуханқызы, «Жауынгерлік Даңқ» музейінің меңгерушісі Ибрайымжанов Қали Тұрдығазыұлы тарихымыздың қасіретті беттері, саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандары әрқашан біздің жадымызда және оны ұмытпау біздің қасиетті борышымыз екенін айтып өтті.
Сол сияқты Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің ұстазы Сламжанова Ақерке, Панфилов аудандық «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі Д. Б. Саудабаева, да өз ойымен бөлісіп отырды. Кітапханашы С. Кайракова ұлы тұлғаларымыз жайлы мәліметтер айтып өтті.
"Қасіретті жылдар жаңғырығы" атты кітап көрмемен кітапханашы А.Джетписпаева көрмеге библографиялық шолу жасалды.